Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 143 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы" акционерлік қоғамына Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылдық округі, Тимирязев ауылы мекен жайынан ВЛ-10 кВ Ф№15 "Западная-Аэропорт" ПС 35-10 кВ "Западная" қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,0318 га жер учаскесін мерзімі 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кешіктірмей күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Жаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады