"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;
ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырсын;
жоғарыда көрсетілген Ережені тіркеуші органда тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тимирязев ауданы әкімі | Е. Жаров |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тимирязев ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "15" қарашадағы | |
№ 277 қаулысымен | |
бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі-Бөлім) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағында дене шынықтыру және спорт саласын басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. .
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланктері, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңымен көзделген Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Бөлімнің орналасқан жері: индексі 151100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш. Уалиханов көшесі, 1.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Рекспубликасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілермен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Бөлімнің міндеттері:
1) Тимирязев ауданында дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) халықтың денсаулығын нығайту, бұқаралық және кәсіптік спортты танымал ету, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту үшін жағдайлар жасау;
14. Құқықтары мен міндеттері:
құқықтары:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, ақпаратты сұрату
2) әкімнің шешімдері және облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын, аудандық бағдарламалар мен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге қатысу;
3) Бюджеттік кодекске сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындау, Бөлімнің қаржыландыру жоспарларының орындалуына мониторингті жүзеге асыру; қаржыландыру жоспарларының орындалуын талдау; Бөлімнің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін және есептілігін жүргізу; тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
4) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларын бекіту және үйлестіру, дене шынықтыру және спорт мамандарымен конференциялар, семинарлар, оқытудың және тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыру;
5) өз құзыреті шегінде аудандық спорттық және басқа да іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне атақтар беру, дипломдармен, сыйлықтармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіппен шешу;
6) мәдениет және спорт мекемелерінің желісін сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
7) аудандық спорттық жарыстар мен жиындар өткізуге.
15. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс, аудан әкімінің дене шынықтыру және спорт саласындағы шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
2) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық бағдарламалар әзірлеу, аудан әкімдігі, аудан қаулыларының жобаларын дайындау;
3) бөлімнің құзыретіне кіретін тиісті бөлімшелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру;
5) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалу жерлерінде спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылым жасайды;
6) спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесіп аудандық, облыстық спорттық жарыстар өткізеді;
7) спорт түрлері бойынша ауданның құрама командаларын даярлауды және олардың республикалық және облыстық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
9) Тимирязев ауданының аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
10) аудандық және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай аудандық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
12) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Тимирязев ауданының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және тапсырады;
13) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
14) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
15) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының пайдаланылуын үйлестіреді.
3. Мемлекеттік орган, алқалы орган (болған жағдайда) басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімге басшылық Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшымен жүзеге асырылады.
17. Бөлім басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында өзге көзделмеген болса Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің өкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
2) қызметті басқарады және дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікте болады;
3) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуына бақылау ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесіне сәйкес марапаттау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
6) сенімхатсыз Бөлім атынан әрекет етеді, Бөлім атынан басқа қызметкерлерге Бөлімнің мүдделерін білдіру және құқықтарын қорғау өкілеттіктерін береді. Бөлім өз қызметін қамтамасыз ету үшін өзіне бекітілген ғимараттар, құрылымдар, жабдықтарды, көлік құралдарын пайдаланады;
7) басшы тікелей бағыныстағы мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық құқық бұзушылық жасаған фактісі үшін дербес жауапкершілікте болады;
8) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдігі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
Бөлім басшысының болмаған кезеңінде оның өкiлеттiктерiн орындау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
4. Коммуналдық мемлекеттік органның мүлігі
20. Мемлекеттік мүлік туралы заңнамамен көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшаланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және мемлекеттік мүлік туралы заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
22. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Коммуналдық мемлекеттік мекеме оның иелігіндегі ақшаға өзінің міндеттемесімен жауап береді. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің ақшасы жетіспеген жағдайда оның міндеттемесі бойынша жергілікті атқарушы орган жауапкершілікте болады.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп алу, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.