Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 "Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 121 қаулысы. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 31.10.2023 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 "Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Е.Нұрлыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі C. Шәпкенов

  Атырау облысы әкідігінің
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 121 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2008 жылғы 14 сәуірдегі
№ 103 қаулысымен бекітілген

Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Басқарма) Атырау облысы бойынша жер заңнамасының сақталуын іске асыруға, сондай-ақ қалалық, аудандық атқарушы органдардың жер қатынастарының үйлестіруге, оған басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазастан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғау;

      жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      аудандық, қалалық (қажетіне қарай кенттік, селолық, ауылдық) атқарушы органдардың жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бойынша қызметін үйлестіру, басшылық пен бақылау жасау.

      13. Өкілеттіктері

      1) құқықтары:

      елді мекендердің аумақтарын, селолық (ауылдық) атқарушы органдардың қарауына берілген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса, жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеуге жәрдемдеседі және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      облыстых атқарушы органға жерлерді аймақтандыру неғгізінде пайдалануды болжау және жоспарлар жөнінде ұсыныстар, жерлерді тиімді пайдаланудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламарына ұсыныс дайындайды;

      өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға және шаруашылық жүргізуші субъектілерге міндетті нұсқаулар беру;

      жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, анықтамалық материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда олар бойынша түсінік беруді талап етуге;

      басқа мекемелерден және жергілікті басқарушы органдарынан қажетті мамандарды, сонымен бірге тәуелсіз сарапшыларды келісім бойынша жұмысқа тарту;

      Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;

      2) Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ет

      3) Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

      14. Басқарманың функциялары:

      1) Жер кодексінің 14-1-бабына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дай

      2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайында;

      3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;

      4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      5) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

      6) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, облыс жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламарын, жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру; 10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      11) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

      13) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      15) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      9) заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      18. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірстерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. Басқармааға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады