Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 1514 "Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 945 қаулысы

      Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 1514 "Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы Е. Умаров

  Атырау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 29 cәуірдегі
№ 945 қаулысына қосымша
  Атырау қалалық әкімдігінің
2019 жылғы 18 шілдедегі
№ 1514 қаулысымен бекітілген

"Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасының Атырау қаласы аумағында кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімге ведомстволық мекемелер жатпайды.

      3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге acырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдыстырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Егер Бөлімге Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлім құрылымы мен штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Махамбет Өтемісұлы көшесі, құрылыс 72. Пошталық индексі – 060002.

      10. Осы Ереже Бөлім құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектілерiмен Бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Атырау қаласы аумағында кәсіпкерлік, туризм, сауда және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

      14. Өкілеттілігі:

      1) Құқықтары;

      1-1) өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      2) Міндеттері:

      2-1) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын сақтау;

      2-2) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттерді орындауға;

      2-3) қала аумағында шағын және орта кәсіпкерлікті, индустриалдық-инновациялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;

      2-4) қала аумағындағы сауда саясатының дамуына қолайлы жағдай туғызу;

      2-5) туризм саласының дамуына жағдай туғызу;

      2-6) мал шаруашылығы, егін және балық шаруашылығы саласының ұтымды және тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау.

      15. Функциялары:

      1) мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзiрлеудi салааралық үйлестiру;

      2) шағын кәсіпкерлікті, туризмді және ауыл шаруашылығын қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;

      3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы бағытындағы тармақтарын жүзеге асыру;

      4) қала аумағындағы кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы субъектілер жұмысын және оларда туындаған мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіру, реттеу;

      5) Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

      6) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің жұмысшы органының қызметін қамтамасыз ету:

      6-1) сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастыру;

      6-2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша құжаттарды дайындауды жүзеге асыру;

      6-3) сараптамалық кеңес отырыстарының қортындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз ету;

      7) аймақтық индустриалды-инновациялық дамыту және импорт алмастыру бағдарламаларының жүзеге асырылуына бақылау жүргізу;

      8) Құрылтайшы жанынан құрылған инновациялық-инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыру;

      8-1) инновациялық-инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі кеңес отырысында қаралатын жобалар бойынша құжаттарды дайындауды жүзеге асыру;

      8-2) инновациялық-инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі кеңес отырыстарының қортындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз ету;

      9) кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры, "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы, "КазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы, "Атырау болашақ" несие серіктестігі және басқа да қаржылық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасау;

      10) көшпелі сауда, маусымдық көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру және өткізу;

      11) экономикалық ынтымақтастықтың жаңа формаларын дамытуға ықпал ету;

      12) бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлікті, туризм және ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері бойынша мақалалар жариялау;

      13) инфляцияға қарсы іс-шаралар жоспары негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларына және олардың айлық қорына мониторинг жүргізу;

      14) Атырау қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындарды белгілеу;

      15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын шектен тыс көтермеу және олардың қорын жеткілікті көлемде қамтамасыз ету шараларын алу мақсатында супермаркет, базар, көтерме тасымалдаушылар және ірі сауда үйлері басшыларымен меморандум жасақтау;

      16) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 204-бабына сәйкес белгіленбеген орындарда сауда жасау бағыты бойынша заң бұзушылықтарды анықтап, анықталған деректер бойынша уәкілетті органдарға хабарлау жұмыстарын ұйымдастыру;

      16-1) осы кодекстің 204-4-бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттыру жағдайына қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

      17) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 202-бабында көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерден асуы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, анықталған деректер бойынша хаттама толтыру жұмыстарын ұйымдастыру;

      18) қала аумағындағы кәсіпкерлік субъектілердің дерекқорын жасақтау, жаңарту жұмыстарын жүргізу;

      19) қала аумағындағы кәсіпкерлік саласымен айналысатын кәсіпкерлік субъектілер жұмыстарының заңдылығына мониторинг жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда уәкілетті органдарды хабардар ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

      20) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;

      21) жұмыс барысында пайдалану үшін қала аумағындағы туризмді дамыту туралы ақпарат жинақтау;

      22) туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;

      23) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету;

      24) қаладағы туризм саласының дамуы жөнінде ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызмет көрсету субъектілері туралы ақпарат жинақтау;

      25) туристік маршруттар мен экскурсиялық бағыттардың тізімін жүргізу;

      26) мемлекеттік сатып алудағы жиhаз өнімдері, жеңіл өнеркәсіп тауарлары және құрылыс материалдары салалары бойынша мемлекеттік сатып алуды

      жүзеге асыру туралы ақпарат жинау және оны жоғары тұрған уәкілетті органға ұсыну;

      27) қаланың мемлекеттік мекемелеріндегі мемлекеттік сатып алудағы жиһаз, жеңіл, тамақ, химия, целлюлоза-қағаз бұйымдары өнеркәсібі, құрылыс материалдары, машина жасау, және фармацевтика тауарларының жергілікті қамту үлесіне мониторинг жүргізу, сатып алынған тауарлардың СТ-KZ сертификаты немесе индустриялық сертификатына сәйкес жергілікті қамту есептілігін толтыру;

      28) агроөнеркәсіптік кешен саласын дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;

      29) қолданыстағы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

      30) қала аумағында, ауылдық аумақтарда өсімдік және мал шаруашылығы салаларының дамуына мониторинг жүргізу, шаруашылық жүргізетін жер учаскелерін аралауды ұйымдастыру, шаруа құрылымдарының жұмыстарына талдау жасау;

      31) меншік түріне қарамастан мал басын өсіру, жоғарғы өнімді асыл тұқымды малдардың гендік қорын жақсарту және сақтау іс-қимылдарын жүзеге асыру;

      32) жер ресурстарын тиімді пайдалану, топырақтың құнарлығын арттыру, егін шаруашылығын дамыту бойынша мәселелерді шешуге ұсыныстар дайындау;

      33) қала аумағындағы суару және суландыру жүйелерінің жағдайына талдау жасау және оны қайта жөндеу мәселелері бойынша жұмыстар жүрігізу;

      34) суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасына сәйкес, су жеткізуші мен су пайдаланушылар арасында келісім шарт жасалуын ұйымдастыру;

      35) ауыл шаруашылығы құрылымдары мен саяжай, бау-бақша қоғамдары үшін несиелендіру, субсидиялау шарттарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

      36) өсімдік шаруашылығында су үнемдеу технологияларымен өсірілетін егістік көлемін арттыру бағытында жұмыстар ұйымдастыру;

      37) қаладағы жылыжайлардың, көкөніс сақтау қоймаларының жұмыстарына сараптама жасау;

      38) өсімдік шаруашылығына қажетті тұқым, минералды тыңайтқыштар, химиялық препараттарға тапсырыстар жинау жұмыстарын ұйымдастыру;

      39) отандық ғылым мен шет елдердің ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру және өңдеуге бағытталған прогрессивтік технологиясы мен озат тәжірибесін насихаттау мен енгізуді ұйымдастыру;

      40) ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар тізімін қалыптастыру, оларды мемлекеттік қолдау арқылы іске қосуды ұйымдастыру;

      41) инвестициялық салынымдар бойынша субсидиялауға түскен өтінімдердің ереже талаптарына сәйкестігін қадағалауды жүзеге асыру;

      42) қаланың агроөнеркәсіп кешеніндегі ауыл шаруашылық техникалары, автомобильдері, басқа да материалдық қорлардың қажеттілігіне болжам жасау;

      43) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция қызметтерін жүзеге асыру:

      43-1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

      43-2) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

      43-3) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;

      43-4) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру.

      44) ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың жұмыстарына талдау жасау;

      45) басқа өңірлерден және шекаралас мемлекеттерден тасымалданатын тамақ өнімдеріне талдау жасау және мониторинг жүргізу;

      46) көршілес облыстар және шекаралас мемлекеттермен байланыса отырып көкөніс және бақша өнімдерінің егіс алқаптарына талдау жүргізу;

      47) балық шаруашылығын дамыту мен қорғау жұмыстарын жүргізуге арналған шаралар жоспарлау, ұйымдастыру;

      48) жыл сайынғы балық аулауға берілген лимит шегінде ауланған балық көлемінің мәліметін қалыптастыру;

      49) қала аумағында рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу жұмыстарын жүргізу;

      50) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңына сәйкес жұмыс жүргізілуін, сондай-ақ, мемлекеттік функцияларды, мекеменің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ақылы негізде сатып алу;

      51) атқарушы билік органдарымен, шаруашылық субъектілерімен міндетті түрде орындауға жататын Қазақстан Республикасы Президентiнің, облыс және қала әкімдері актілерін орындалу мақсатында өз құзыретiне кіретін мәселелер бойынша іс-қимыл жасасу;

      52) Қазақстан Республикасы Заңдарында көзделген тәртіппен, белгіленген тәртіппен атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару орындарынан, мекемелер мен ұйымдардан, шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардан Бөлім функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпараттар мен құжаттарды, материалдар сұрату және алу;

      53) меншік нысанына қарамастан, қаланың өзге атқарушы органдарының, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары мен мамандарын тарту арқылы белгіленген тәртіпте өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша жиналыстар шақыру;

      54) өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша методикалық материалдар мен ұсынымдар әзірлеу;

      55) өз құзыреті шегінде Бөлімге қатысты мәселелер бойынша үйлестіру, ғылыми-техникалық және өзге де кеңестер, ведомствоаралық сараптамалық комиссиялар құру, бизнес инкубаторлар, шағын кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін өзге де құрылымдарды құру және дамыту бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

      56) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қатысы бар ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

      57) Құрылтайшыға бос тұрып қалған өндіріс алаңдары мен кеңселерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалға немесе сенімді басқаруына беру бойынша ұсыныстар дайындауға;

      58) бюджет қаржысын тиімді пайдалану бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізуге;

      59) осы ереже талаптарына сәйкес қызметтерді орындау үшін қажетті басқа да құқықтарды іске асыру.

3. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімге басшылықты Бөлім басшысы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке қызметке тағайындалады және босатылады.

      18. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) Бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді;

      2) Бөлім атынан әрекет етеді;

      3) Бөлімге бағынысты құрылымдар басшылары мен Бөлім қызметкерлерінің өз мiндеттерiн орындаудағы жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      4) Бөлімге бағынысты құрылымдардың мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

      5) Бөлім қызметкерлерiн және бағынысты құрылымдар басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) заңнамада белгіленген тәртiппен Бөлім қызметкерлерiне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын алады;

      7) Бөлім актілеріне қол қояды;

      8) сенімхаттар береді;

      9) Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген ретте өзіне бағынысты құрылымдардың жұмысын бақылайды және үйлестіреді;

      10) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін қорғайды;

      11) штаттық кестені және берілген қаражат шегінде аппаратты ұстаудың шығындар сметасын әзірлейді және қала әкіміне бекітуге ұсынады;

      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде міндеттеме Бөлім басшысына жүктеледі және ол бұл үшін дербес жауапкершілікте болады.

      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліутерді жүзеге асырады.

      14) Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлімнің мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      Бөлім таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады