Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 02 қарашадағы № 310 ""Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 134 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 02 қарашадағы № 310 ""Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалып бекітілсін.

      2. "Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Х. Жамалов

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "26" мамырдағы
№ 134 қаулысына қосымша
  Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "02" қарашадағы
№ 310 қаулысымен бекітілген

"Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Жылыой ауданы аумағында сәулет қала құрылысы қызметі және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Ж.Ізтұрғанов көшесі, ғимарат 7 индексі: 060100.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Бөлімнің мақсаттары:

      1) өңірдің сәулет-қала құрылысы саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамып келе жатқан аудан аумағы мен елді мекендер халқының толыққанды

      тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру;

      2) жерді қорғау, жерді ұтымды және тиімді пайдалануды ұйымдастыру, жер ресурстарының жағдайын зерделеу деңгейін көтеру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      аудан аумағында сәулет және қала құрылысы қызметінің барлық субъектілеріне олардың ведомстволігі мен бағыныштылығына қарамастан орындауға міндетті болып табылатын тұрғын қордың техникалық жағдайын аумақты көркейту мен көркемдеуде бақылауды жүзеге асыруға;

      аудан аумағында өз еркімен немесе бекітілген қала құрылысы құжатына

      құрылысы жобасын, техникалық жағдайды, құрылыс нормалары мен ережелерін бұзып

      салынған құрылыс тоқтатуға;

      қала құрылысы құжатымен, құрылыс нормаларымен және ережелермен бекітілген сәулет жоспарлық ғимаратын, тұрғын пунктін салу ережесін бұзып салған құрылыс үшін жобалау құжатына келісуден бас тартуға;

      бекітілген қала құрылыс жобаларына қайшы келетін құрылыс обьектілерін алдын ала орналасытыру және жер телімдерін бөліп беру бойынша ұсыныстарды игеруден бас тартуға;

      лицензиялау талабын бұза отырып, орындаған жобаны сонымен қатар, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының рұқсатынсыз жасалған инженерлік- іздестіру материалдардан пайдаланып өңделген жобаларды талқылаудан бас тартуға;

      бөлім құзыретіне жататын сұрақтары бойынша заңда белгілеген тәртіпке сай облыстық басқармасымен, аудандық атқарушы органдармен, меншік түріне байланыссыз ұйымдармен, мекемелермен, объектілермен өзара байланыс жасауға;

      бекітілген жобалау құжатын, нормативтік талапты бұзған, кемшілікпен орындалған адамдардың денсаулығы мен өміріне, тарихи және мәдени мұраларға, соның ішінде сәулет және қала құрылысы ескерткішіне зиян келтіретін құрылыс-монтаждық, жөндеу -құрылыс және тағы басқа жұмыс түрлерін, топогеодезиялық қарастыру өндірістерін тоқтатуға;

      азаматтардың арызын өз уақытын қарауды қамтамасыз етуге;

      мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың жер заңнамасына қайшы келетін шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге.

      2) Міндеттері:

      мемлекеттік сараптаманы республикалық және аумақтық бөлімшелермен, мемлекеттік сәулет және қала құрылысы инспекциясы жобаларымен, бағынышты территорияда сәулет және қала құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық және мүдделерді қорғау сұрақтары бойынша лицензиялау органдарымен байланыс жасайды;

      бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес құрылысы жобаларын жүзеге асыруда қала құрылысы тәртібін, құрылысы салу ережесін сақтау арқылы жүзеге асырады;

      мемлекеттік қала құрылысы кадастарын аудандық деңгейге енгізу;

      мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;

      жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

      жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

      жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың жер балансын жасау;

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      жер ресурстарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

      жер мониторингін және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;

      ауданның жер ресурстарының жай-күйі туралы біртұтас деректер банкін құру және жүргізу;

      Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұза отырып пайдаланатын және пайдаланылмайтын жерлерді анықтау;

      Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдау;

      пайдалы қазбалар кен орындарын игеру құрылысын салу, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасы жер заңнамасы белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асырады, сондай-ақ, жұмыстар сараптамадан өткізілмеген немесе дұрыс қорытынды жобалар бойынша жүргізілгені анықталған жағдайда тоқтатылады.

      15. Функциялары:

      1) ауданда мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу және ауданды әлеуметтік әлеуметтік- экономикалық кешенді дамыту, өмір сүру ортасын және олардың архитектуралық түрін жақсарту мақсатында ағымдағы және перспектива мәселесін шешуге бағытталған қала құрылысы бағдарламасын жүзеге асырады;

      2) қала құрылысы кадастарын, кезекшілік оперативтік – жоспарларды және инженерлік – геологиялық атластарының тіркеу жоспарын сақтау;

      3) сәулет – қала құрылысы бақылау органдарының қызметін жақсарту және нормативтік – методикалық базаны жақсарту сұрақтары бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      4) жергілікті атқарушы органдарға объектілер мен комплекстерді орналастыруға жер бөлуге ұсыныстар әзірлеу;

      5) жоба жоспарының құжаттарын, аудан аумағындағы құрылысына жататын жеке турғын үйлерди ғимараттардың қарау және келісу;

      6) сұраныс пен ұсынысты, нарықтың даму болашағы және тенденция, коньюктура жағдайын, жобалауды талқылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      7) аудан аумағында жобалау, қайта жаңарту, жаңғырту, түбірлі жөндеу жүргізу көркейту және әрлеме сұрақтарын реттейтін нормалар мен ережелерді дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау;

      8) аяқталған өндірістік және өндірістік емес сипаттағы тұрғынды – азаматтық құрылыс нысандардарын қабылдауға қатысу;

      9) өз құзыреті шігінде жобалау бойынша тендер өткізу;

      10) игеруді және тапсырыс берушіге облыстық сәулет және қала құрылысы басқарманың басшысымен бекітілген аудан аумағында сәулет- жоспар жұмысын беру, жер учаскесінің құрылыс жоспарын аудандық маңыздылығы бар құрылыс объектісін жобалауға, сонымен қатар өз нұсқамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      11) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық күрделі емес құрылыс қатарына жатқызылған құрылысқа шешім шығару;

      12) тұрғын жайларда қосымша жер учаскесіне жер телімдерін бөлуді талап етпейтін құрастыруға, инженерлік жүйеге, коммуникацияға қандай ма болмасын өзгеріс әкелетін, сәулет эстетикалық, өрт сөндіру, жарылысқа қарсы және санитарлық жағдайды нашарлатпайтын, пайдалану кезіңін қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тұрғындық, тұрғындық емес орындарды қайта құрастыруға келісім беру;

      13) бөлім жұмысшылараның қызметіне қажетті кәсіби деңгейін арттыру, олардың мәртебесін қамтамасыз ету;

      14) иесіз жер учаскелерін есепке алу;

      15) ауданның жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      16) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;

      17) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

      18) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      19) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      20) ауданның жер балансын жасау;

      21) жер учаскелерінің меншік иелерімен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ, жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      22) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау;

      23) ауданның жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      24) мемлекеттің жер қатынастары саласындағы мүдделерін қорғау;

      25) мемлекет жеке меншікке сататын немесе жерді пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалық құнын айқындау;

      26) жерге орналастыру құжаттарын бекіту;

      27) қолданыстағы жер заңнамасы шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарау.

3. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) ауданның бас сәулетшісі өз қызметін облыстық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармасымен өзара байланыста жүргізеді, бөлім қызметін ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік органға берілген міндеттерді орындауға және өз қызметін жүзеге асыруда жеке жауапкершілікке тартылады;

      2) мемлекеттік мекемебойынша нормативтік құжаттарға қол қояды немесе бұйрықтар шығарады;

      3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тиісті міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      4) аудан әкіміне мемлекеттік мекеменің құрылымына өзгертулер енгізу туралы ұсыныс қояды;

      5) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне белгіленгентәртіпте тәртіптік жазаны қолдануға сондай-ақ белгіленген тәртіппен сыйақы беруге;

      6) облыстық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармасының келісімімен қызметкерлердіқызметтік іс сапарға жібереді;

      7) облыс және аудан аумағында орналасқан мемлекеттік органдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан және ұйымдардан қайтарымсыз түрде инженерлік қарастыру материалдарын, ақпаратты, статистикалықжәне басқа да қажетті мәліметтермен құжаттарды белгіленген мерзімдесұрайды және алады;

      8) құрылыс объектісін жерге орналастыру, жобалау, құрылыс салу, елді мекендерді көбейту саласында аудан әкімдігіне қабылданатын шешімге құжаттар, негіздер және кепілдеме әзірлейді;

      9) өз құзіреті шегінде қабылданған тиісті шешімдер қала құрылысы және жер заңдылығының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      10) аумақтық даму шекарасымен бағытын, қызметтік аумақтандыру, көркейту және қайта жоспарлау табиғи, тарихи және мәдени мұраны сақтау қала құрылысы құжаттарын уақтылы түзету және дайындауды ұйымдастырады;

      11) сыбайлас жемқорлыққа әрекеттеріне қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және қабылданған шараларға дербес жауап береді.

4. Бөлімнің мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімнің қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады