Махамбет ауданының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 340 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 45 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18, 124 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. "Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қоса беріліп отырған "Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, "Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, "Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, "Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің ережелері осы қаулының 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      4. Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелерінің басшыларына заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу жұмыстарын жүргізсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Н.Х.Биғалиға жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Махамбет ауданының әкімі К. Нурлыбаев

  Махамбет аудандық әкімдігінің
2022 жылғы "19" желтоқсандағы
№ 340 қаулысына 1 қосымша
  Махамбет аудандық әкімдігінің
2022 жылғы "19" желтоқсандағы
№ 340 қаулысымен бекітілген

"Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Мекеме) құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №16.

      10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) мемлекеттік мекеменің мақсаттары құрылыс және қайта жаңғырту саласында қызмет көрсетумен қатар аудан қажеттілігіне қарай инфрақұрылыммен қамту, мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес тұрғын үй, мектеп, аурухана және әлеуметтік нысандарды салу және елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру болып табылады.

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де мақсаттар.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары: мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрату және алу; мекеме құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың отырыстарына қатысу; аудан әкімдігі мен тиісті облыстық басқарма алдында бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөнінде өз жұмысынан есептер беру; өндірістік құрылыс-монтаждау жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы мен ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына жұмысты тоқтатуға дейін нұсқаулар мен ескертулер беруге;

      жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастыру және қатысу; аудан көлеміндегі құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындауда мүмкіндігі бар мердігерлерді анықтауда өткізілетін тендерге қатысу;

      жаңа нысандардың құрылысына және коммуналдық меншіктегі нысандардың жөндеу жұмыстарына тапсырысшы болу;

      2) Міндеттері: аудандық әкім және жергілікті ауылдық, селолық округ әкімі құзіреттеріне сәйкес құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы жерге орналастыру, жоспарлау, құрылыс салу, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша құжаттары, дәйектемелер мен ұсыныстарды дайындау;

      тапсырыстарды қарауды ұйымдастыру, жеке құрылыс салушыларды қоса отырып, тапсырыс берушілерге, инвесторларға, жұмыстары орындаушыларға қала құрылысы құжаттарын ұсыну. Жұмысты атқарушыларға, инвестициялық және қала құрылысы нысандары қызметін қолдаушыларға рұқсат беретін құжаттарды беру, меншік түріне қарамастан жоба бойынша барлық түрдегі құрылысты келісу; қала құрылысы және жер пайдаланушы заңдарының орындалуын, елді мекендердегі бөлшектеп жоспарлау жобасының материалдарын дайындау; құрылыс бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, өндірістік обьектілерінің жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттігін анықтау; жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдайды. №2 "Жүргізілген құрылыстардың, жөндеулердің аралық орындалысы жөнінде" және №3 "Жүргізілген құрылыстардың толық орындалысы жөнінде" формалармен берілген рәсімдеу және көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғу;

      белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы құжаттамасы мен өзге де жобалау құжаттамасы нормаларының сақталуын қамтамсыз ету; аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру; мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету; заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді атқаруды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау; бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес, қала құрылысы тәртібін, аудан аумағында құрылыс салу ережелерін сақтай отырып құрылыс жобаларының іске асыруын қадағалауды жүзеге асыру;

      жоба-жоспарының құжаттарын, аудан құрылысына жататын ғимараттардың жобаларын қарау және келісу;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттіктер шегінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы өзге міндеттерді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру; құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

      Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру; Эскизді келісуден өткізу.

      15. Функциялары:

      аудан, облыс әкімдігі әзірлеген бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланысты әрекет ете отырып өз жұмысының бағдарын анықтайды;

      өнеркәсіптік, құрылыс кәсіпорындарының қызметіне көмек көрсетеді және бақылау жасайды;

      аудандық әкімдігінің отырысында қаралатын мәліметтереді дайындайды, мәліметтерді жинап, талдау жасайды;

      аудан әкімінің өкімдері мен қаулы жобаларын дайындайды, оның жүзеге асырылуына қатысады және бақылау жүргізуге қатысады;

      ауданда мемлекеттік сәулет- қала құрылысы саясатын жүргізу және ауданның кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге, тіршілік ету ортасын жетілдіру мен сәулеттік келбетті жақсартуға бағытталған қала құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру;

      ауданда құрылысын салуға жататын ғимараттар мен құрылыстардың жобалау-жоспарлау құжаттамасын, жобаларын қарау және оларды келісу;

      белгіленген тәртіппен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы тұрғын үй-азаматтық құрылысының аяқталған обьектілерін қабылдауға қатысу.

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мекеме басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мекеме бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) өз қызметкерлерінің құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      5) бөлімнің атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;

      6) заңнамамен белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданылады;

      7) бөлімге тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелену және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталу үшін дербес жауап береді;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттерді жүзеге асырады;

      9) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      19. Мекеме бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мекемемен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Махамбет аудандық әкімдігінің
2022 жылғы "19" желтоқсандағы
№ 340 қаулысына 2 қосымша
  Махамбет аудандық әкімдігінің
2022 жылғы "19" желтоқсандағы
№ 340 қаулысымен бекітілген

"Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Мекеме) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060700, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №16.

      10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Махамбет ауданының аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) Экология және қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына сәйкес елді мекендердің құрылыс салуы, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымы, абаттандыруды кешенді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      3) Жеке және заңды тұлғаларға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де мақсаттар.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      аудан әкімдігінің қарауына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы стратегиялардың мақсаттары, басымдылықтары бойынша ұсыныстарды енгізу;

      мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      мекеме құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу; құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың отырыстарына қатысу; аудан әкімдігі мен тиісті облыстық басқарма алдында бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөнінде өз жұмысынан есептер береді;

      аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды қайта жаңғырту, жөндеу және ұстау кезінде нормативтік талаптардың сақталуына тексеру жүргізуге; өндірістік құрылыс-монтаждау жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы мен ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына жұмысты тоқтатуға дейін нұсқаулар мен ескертулер беруге; өндірістік, құрылыстық, коммуналдық-транспорттық, энергетикалық мекемелердің қызметіне бақылау жасауға және көмектесу; жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастыру және қатысу; елді-мекендерді сумен, газбен, жылумен және электро-энергиямен қамтамасыз етуді және басқа да коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын ұйымдастыру;

      әлеуметтік және әр түрлі меншік үлгісіндегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қорларын күтіп ұстау мен эксплуатацияға алуды ұйымдастыруға көмектесу; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру, ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, мерзімділігін және кезектілігін айқындау; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау; мемлекеттік мекеме тұрғын үй (тұрғын ғимарат) пайдалануға берілген кезде үш ай мерзімге кондоминиум обьектісін басқару органының функцияларын жүзеге асырушы қызмет көрсететін ұйымды айқындайды; Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады; тұрғын-үй инспекциясы тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді; материалдарын, бұйымдарын және құрастырма бөлшектерін шығаратын кәсіпорын, мекемелерге, құрылыс объектілеріне бара алады; қажетті жағдайларда сарапшы ретінде өндірістің басқа салаларының, ғылыми-зерттеу және конструкторлық-жобалау ұйымдарының мамандарын шақыра алады.

      2) Міндеттері: тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің күзгі-қысқы маусымға дайындығымен, жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттіліктерін анықтайды; мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларына сәйкес, аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды жөндеу және ұстау бойынша, сонымен қатар, аудандық көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, сондай-ақ аудан көлеміндегі тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің жөндеу жұмыстарын орындауда мердігерлерді анықтау үшін өткізілетін конкурстарды ұйымдастырады;

      тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің жөндеу жұмыстары және сатып алатын құрал-жабдықтардың техникалық тапсырмалар жинағын қамтамасыз етеді, мердігерлермен келісім-шартқа отырып, оның орындалуын бақылайды;

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің және әлеуметтік сала нысандарының жобалау сметалық құжаттарының дұрыстығын, жөндеу жұмыстарын қадағалайды;

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілеріне бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы және ережесінің сақталуымен қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына нұсқаулар мен ескертулер береді, объектілерді пайдалануға қабылдауға жұмысшы және мемлекеттік комиссияларына қатысады;

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің инженерлік желілерінің құрылысына жер телімдерін бөлу кезінде нормативтік нормаға сәйкес жүруіне келісім береді;

      аудан елді мекендерінің коммуналдық-тұрмыстық қажетті және мал бастары үшін жайылымдыққа су жеткізу қызметін субсидиялау қызметін жүзеге асырады;

      аудан, облыс әкімдігімен жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппараты, бөлімдермен өзара байланысты әрекет ете отырып, өз жұмысының бағдарын анықтайды;

      жыл бойы елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарының іс-шараларын жасақтап, санитарлық талаптарға сәйкес күтіп, ұсталуын қадағалайды;

      автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді:

      жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекітеді; автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекітеді; коммуналдық-транспорттық, энергетикалық мекемелердің қызметіне бақылау жасайды; жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және шешуі бойынша ұсыныс бере алады; аудан әкімдігінің мәжілісіне қаралатын мәліметтерді дайындайды, мәліметтерді жинап сараптама жасап, аудан әкімінің өкімдері мен қаулы жобаларын дайындайды; елді мекендерді сумен, газбен, жылумен және электроэнергиямен қамтамасыз ететін және басқа да коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын бақылайды; әлеуметтік және әртүрлі меншік үлгісіндегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдар объектілерінің, тұрғын үй-коммуналдық қорларын күтіп ұстау мен эксплуатацияға алуды ұйымдастыруға қатысады және көмектеседі; аудан елді мекендері арасында жолаушылар қатынасын ұйымдастырады және олардың жұмыстарын бақылайды; аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді; аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді; сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді атқаруды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау; тиісті органдармен бірлесіп инженерлік құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуына және салынып жатырған құрылыс сапасына бақылау жүргізу;

      тапсырыс берушілер мердігерлік ұйымдар және басқа құрылыс процесіне қатысушылар арасындағы келіспеушілікті шешуге қатысу. құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну; осы Ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары: мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу; мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістермен, толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қиып өтуге және қиылысуға техникалық шарт беру және келісу; аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының инженерлік коммуникация, электр және байланыс желілерімен кесіп өтуіне келісу; аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойында бөлу жолағы және бөлу жолағының аумағында сыртқы жарық бағаналарын орналастыруға келісім беру; автобекеттердің тізілімін жүргізу; аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту; аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту. кәріз, су құбырлары нысандарының жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күнделікті бақылауда ұстау; тұрғын үйлерде жылу, энерго, газ және су ресурстарын есептейтін құралдарының бар болуын бақылау; кондоминиум нысанындағы бөлме иелерінің жалпы қолданылатын мүліктің техникалық жағдайына, оның инженерлік құрал жабдықтарына және олардың күтімімен, жөндеу жұмыстарының қолданыстағы сәйкес уақытында жүргізілуіне бақылау жасау; кондоминиум нысанындағы жалпы қолданылатын мүліктің күрделі жөндеудің бөлек түрлерімен орындалған жұмыстарының сапасын бақылау;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою; су тазарту қондырғыларын сенімгерлік басқаруға беру комиссиясының жұмысына қатысады. мемлекеттік сараптаманы республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-қала құрылыс инспекциясы жобаларымен, аудан көлеміндегі бағынышты құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық, жеке мүдделерді қорғау сұрақтары бойынша лицензиялау органдарымен байланыс жасау;

      бекітілген құрылыс құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларын жүзеге асыруда құрылыс тәртібін, құрылыс салу ережесін сақтау арқылы жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын уақытылы қарауды қамтамасыз ету; бөлімге қатысты жұмыстар бойынша аудан әкіміне, аудан әкімі жанындағы аппарат мәжілістеріне, аудан әкімдігіне, мәслихатқа мәселелер ұсыну және есеп беру; құрылыс мөлшерлері мен ережелеріне және жобаларға сәйкес құрылыс тәртібін, жұмыс технологиясын сақтауды бақылау; құрылыс нысандарына техникалық тапсырма, техникалық ерекшелік дайындау және құрылыс жұмысы жүргізілетін құрылыс, қайта жаңарту нысандарына тиісті мекемелерден техникалық шарттар алу; қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындау; аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру; аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау; жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;

      салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу; бөлім қызметкерлерінің жұмысында, олардың біліктіліктерін арттыруда тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.); бөлімге қатысты мәселелер бойынша бекітілген тәртіппен конференциялар, семинарлар, жиналыстар өткізуге;

      құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған бірыңғай портал арқылы, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жұмыс жасау;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын-үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады;

      кондоминиум объектіснде және үй маңындағы аумақты үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

      кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;

      тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс- шараларды жүзеге асыруға;

      қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мекеме басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мекеме бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:

      10) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      11) өз қызметкерлерінің құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      13) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      14) бөлімнің атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;

      15) заңнамамен белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданылады;

      16) бөлімге тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелену және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталу үшін дербес жауап береді;

      17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттерді жүзеге асырады;

      18) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      19. Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мекемемен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Махамбет аудандық әкімдігінің
2022 жылғы "19" желтоқсандағы
№ 340 қаулысына 3 қосымша
  Махамбет аудандық әкімдігінің
2022 жылғы "19" желтоқсандағы
№ 340 қаулысымен бекітілген

"Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Мекеме) жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеме құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, №22.

      10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. "Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттектері

      13. Мақсаттары: Жерді қорғау мен тиімді пайдалануды ұымдастыру, жерді ұтымды пайдалану, жер ресурстарының жағдайын зерделеу деңгейін көтеру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары: мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға; жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың жер заңнамасына қайшы келетін шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге.

      2) Міндеттері: иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау; мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау; жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау; жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту; аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру; елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу; аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру; жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Жер Кодексінің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу; Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау; ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау; пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау; жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау; жер-кадастрлық жоспарды бекіту; жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру; жер комиссиясының жұмыс органы болып табылады.

      15. Функциялары: иесіз жер учаскелерін есепке алу; ауданның жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсынастары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау; жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту; елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру, аудандардың жер балансын жасау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу; жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау; ауданның жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау; мемлекеттің жер қатынастары саласындағы мүдделерді қорғау;

      қолданыстағы жер заңнамасы шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.)

3. "Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мекеме басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мекеме бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мекеме басшысының өкілеттіктері:

      1) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      4) бөлімнің атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;

      5) заңнамамен белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданылады;

      6) бөлімге тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелену және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталу үшін дербес жауап береді;

      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттерді жүзеге асырады;

      8) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      19. Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мекеме мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мекемемен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Махамбет аудандық әкімдігінің
2022 жылғы "19" желтоқсандағы
№ 340 қаулысына 4 қосымша
  Махамбет аудандық әкімдігінің
2022 жылғы "19" желтоқсандағы
№ 340 қаулысымен бекітілген

"Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" (бұдан әрі-Мекеме) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы

      7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Жайық Шұғыласы газетіне 50 жыл көшесі, №29 үй.

      10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      Аудан аумағында кәсіпкерлікті, қызмет көрсету саласын және ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      белгіленген тәртіппен бөлімнің құзыретіне кіретін ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысуға;

      оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсыныстарды әзірлеуге, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар, кеңестер өткізуге;

      белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарынан, мекемелері мен ұйымдардан бөлімнің өз функцияларын іске асыруға қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

      бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің қызметі туралы ақпаратты беруге;

      қажет болған жағдайда кеңестер мен сарапшылар топтарын құруға құқылы.

      2) Міндеттері:

      ауданның өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      аудан аумағында кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және ауыл шаруашылығын дамуының жай-күйін талдау және дамуын болжау;

      қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу.

      15. Функциялары:

      кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және сауданың экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу;

      ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті жаңа технологиялар енгізуге жұмыстану;

      ауданның шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуын талдау және мониторингілеу;

      ауданның шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында, аудандағы қоғамдық бірлестіктермен және Махамбет аудандық кәсіпкерлік палатасымен өзара іс-қимыл жасау;

      тауар өндірушілер мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық жинақтар жасау, тарату;

      семинарларды, көрме-жәрмеңкелерді, конкурстарды, форумдарды, бизнес кездесулерді ұйымдастыру;

      халық кәсіпшілігі және қолөнерді дамытуға жәрдемдесу;

      8) өңірлік шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      шағын кәсіпкерлік субьектілеріне ғимараттарды, өндірістік үй-жайларды және коммуналдық меншіктегі өзге де мүлікті жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қолдау мен дамыту жөнінде ұсыныстар береді;

      сауда саласында мемлекеттік саясатын жүргізу;

      кәсіпорындарға Мемлекеттік көмек бағдарламасын іске асыру бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу ("Бизнестің жол картасы 2025 бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы", "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы");

      сауданы орынсыз жерлерде сатуды қадағалау;

      ауданда туризм саласының дамуы бойынша жұмыстар жүргізу;

      аудан аумағында туристік ресурстарды қорғау, туристік индустрия обьектілерін жоспарлау және салу жөніндегі ұсыныстар енгізу;

      аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілім жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, семинарлар, дөңгелеке үстелдер өткізу және т.б.);

      "Е-қызмет" ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау;

      ауданда азық-түлік қауіпсіздігін және агроөнеркәсіптік кешен салаларының тұрақты дамытуды, аграрлық өндірістің аймақтық бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейіне жетуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;

      әлеуеметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу;

      мал басын көбейту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;

      аграрлық секторды басқарудың маркетингтің жүйесін жетілдіру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін субсидиялардың алынуына ықпал ету, құжаттарын дайындау;

      агроөнеркәсіп кешеніндегі меншіктің алуан түрлі нысандары мен шаруашылық жүргізу, жұмыс істеу жағдайларына экономикалық талдау жасау мақсатында оперативтік, статистикалық және бухалтерлік есеп алуға, оларды қаржы – экономикалық жағынан ретке салу (санация) немесе ұдайы шығынмен жұмыс істейтін шаруашылық субьектілерін тарату жөніндегі шараларға араласу;

      ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғауда, аграрлық сектордың қызметі үшін қолайлы жағдайлар туғызуға, әсіресе селода кіші және орта бизнесті дамытуға бағытталған қаржы, кредит саясатын жүзеге асыру жөніндегі жобалық ұсыныстарды әзірлеуге ықпал жасау;

      шаруашылық жүргізуші субъектілердің жерді пайдалану және оның құнарлығын сақтауына бақылау жасауға, сонымен қатар ол жөніндегі мүдделі шараларды іске асыру;

      балық шаруашылығын құруға, балық шаруашылығы су көздерін ауданның табиғат пайдаланушыларына бекітіп беру;

      ауданның балық, орман шаруашылығы құрылымдарының экономикалық жағдайларына сараптама жасап, ауданда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру, қажетті жағдайда шара алу үшін аудан әкімдікке ұсыныс беру;

      аграрлық сектордың азаматтық қорғаныс, басқа да жұмылдырушылық шараларына басшылық жасау;

      агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларының кәсіпорындары мен шаруашылық жүргізуші субьектілерінде өнімге қолданылып жүрген стандарттарды, технологиялық шарттарды сақтай отырып, өндірілетін, ұқсатылатын және өткізілетін ауылшаруашылық өнімдері сапасын бақылау;

      шаруашылық субъектілеріндегі еңбекті қорғау, өрттен қорғану, машина–трактор паркінің техникалық жай–күйін қадағалауын жүзеге асыру;

      машина-трактор паркінің техникалық пайдалану Ережелері бойынша нормативтері мен стандарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқасын беру, немесе машина кепілінің тіркелгені туралы хабарлама беру;

      тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу;

      тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру мемлекеттік қызметін көрсету;

      тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру;

      мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асырады;

      құқықтық қамтамасыз етудегі тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, нормативтік актілер, бұйрықтар, шешімдер және құқықтық нысандағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындайды.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      16. Мекеме басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Мекемесі бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңамасына сәйкес лазазымға тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) бөлім қызметін басқарады және оған жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;

      3) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, тәртіптік жаза қолданады;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдарда және мекемелерде бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      5) аудан әкіміне бөлімнің Ережесін, құрылымын бекітуге ұсынады;

      6) бөлімінің штат кестесін белгіленген қызметкер санына және төлемақы қорына сәйкес бекітеді;

      7) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      8) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, бөлімнің қызметтік құжаттамасына, бұйрықтарына қол қояды;

      9) оның құзырына жататын басқа мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      10) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу үшін жасалатын шараларға дербес жауапты болады.

      19. Мекеме бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкiнің болуы мүмкін.

      Мекеменің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мекемемен бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады