"Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 66 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;

      2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 28 "Қызылқоға ауданының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданының әкімі Н. Бисембиев

  Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2022 жылы "27" сәуірдегі
№ 66 қаулысына қосымша

"Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) құрылыс көлеміндегі мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 060500, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі, № 46.

      10. Осы ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субьектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) экономиканың энергоресурстарға өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудан экономикасының энергетикалық секторын дамыту, коммуналдық, су, жылу, газ шаруашылығының және басқа да инженерлік желілерін дамытуға ықпал ету арқылы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және автомобиль жолдарының жай-күйіне, олардың техникалық көрсеткіштеріне жәрдемдесу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары;

      - бөлімге бөлінген қаржы мен заттарды пайдалану және басқару құқығын иеленеді және қаражатын өз мақсатында пайдалануына бақылау жасайды, қаржылық құжаттарымен, шығын сметаларына қол қояды, қызметкерлерге материалдық ынталандыру және сыйақы төлеу жағдайларын анықтайды, өз құзіреті шегінде басқа да мәселелерді шешеді.

      - аудан әкімдігі мен тиісті облыстық басқарма алдында бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөнінде өз жұмысынан есептер береді.

      - аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды қайта жаңғырту, жөндеу және ұстау кезінде нормативтік талаптардың сақталуына тексеру жүргізуге.

      - өндірістік құрылыс –монтаждау жұмыстарына техникалық бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы мен ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына жұмысты тоқтатуға дейін нұсқаулар мен ескертулер береді.

      - өндірістік құрылыстық, коммуналдық-транспорттық, энергетикалық мекемелердің қызметіне бақылау жасауға және көмектесуге;

      - жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастыру және соған қатысу;

      - елді-мекендерді сумен, газбен, жылумен және электроэнергиямен қамтамассыз ету, және басқада коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын бақылау;

      - әлеуметтік және әр түрлі меншік үлгісіндегі инженерлік-коммуналдық құрылымдарын объектілерінің, тұрғын үй-коммуналдық қорларын күтіп ұстау мен эксплуатацияға алуды ұйымдастыруға қатысу және көмектесуі;

      - Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктердің жүзеге асырады;

      - Тұрғын-үй инспекциясы тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай – ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.

      2) Міндеттері:

      - тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің күзгі-қысқы маусымға дайындығымен, жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттіліктерін анықтайды;

      - Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес, аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды жөндеу және ұстау бойынша, сонымен қатар аудандық көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, сондай-ақ аудан көлеміндегі тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің жөндеу жұмыстарын орындауда мердігерлерді анықтау үшін өткізілетін конкурстарды ұйымдастырады;

      - тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің жөндеу жұмыстары және сатып алатын құрал-жабдықтардың техникалық тапсырмалар жинағын қамтамасыз етеді, мердігерлермен келісім шартқа отырып, оның орындалуын бақылайды.

      - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің және әлеуметтік сала нысандарының жобалау сметалық құжаттардың дұрыстығын, жөндеу жұмыстарын қадағалайды.

      - автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды қайта жаңғырту, жөндеу, ұстау бойынша орындалған жол жұмыстарының сапасын мемлекеттік бақылауды және қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық әлеуметтік сала объектілерінің жөндеу жөнінде техникалық орындау құжаттамаларын рәсімдеуге, сондай-ақ объектілерді пайдалануға қабылдауға жұмысшы және мемлекеттік комиссияларына қатысады;

      - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің және әлеуметтік сала объектілеріне техникалық бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы және ережесінің сақталуымен қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына нұсқаулар мен ескертулер береді;

      - аудан елді мекендерінің коммуналдық-тұрмыстық қажеті және мал бастары үшін жайымдылыққа су жеткізу қызметін жүзеге асырады;

      - аудан, облыс әкімдігімен жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппараты, бөлімдермен өзара байланысты әрекет ете отырып, өз жұмысының бағдарын анықтайды;

      - жыл бойы елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарының іс-шараларын жасақтап, санитарлық талаптарға сәйкес күтіп, ұсталуын қадағалайды;

      - автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді:

      - жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекітеді;

      - автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекітеді;

      - таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

      - таксимен жолаушы тасымалдау жұмысын бастау немесе тоқтату туралы хабарламаға қабылдау талонын беруді іске асырады.

      - коммуналдық-транспорттық, энергетикалық мекемелердің қызметіне бақылау жасайды;

      - жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және шешуі бойынша ұсыныс бере алады;

      - аудан әкімдігінің мәжілісіне қаралатын мәліметтерді дайындайды, мәліметтерді жинап сараптама жасап, аудан әкімінің өкімдері мен қаулы жобаларын дайындайды;

      - елді мекендерді сумен, газбен, жылумен, және электроэнергиямен қамтамасыз ететін және басқа да коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын бақылайды;

      - әлеуметтік және әртүрлі меншік үлгісіндегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдар объектілерінің, тұрғын үй коммуналдық қорларын күтіп ұстау мен эксплуатацияға алуды ұйымдастыруға қатысады және көмектеседі;

      - аудан елді мекендері арасында жолаушылар қатынасын ұйымдастырады және олардың жұмыстарын бақылайды;

      - аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      - коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүлікті сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

      - сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      - мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету

      - заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді атқаруды қамтамасыз ету.

      - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;

      - мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;

      - тапсырыс берушілер мердігерлік ұйымдар және басқа құрылыс процесіне қатысушылар арасындағы келіспеушілікті шешуге қатысу.

      - Осы Ереже, Қазақстан Республикасның өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      15. Функциялары:

      - мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

      - мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      - аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қиып өтуге және қиылысуға техникалық шарт беру және келісу;

      - аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының инженерлік коммуникация, электр және байланыс желілерімен кесіп өтуіне келісу;

      - аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойында бөлу жолағы және бөлу жолағаның аумағында сыртқы жарық бағаналарын орналастыруға келісім беру;

      - автобекеттердің тізілімін жүргізу;

      - аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;

      - аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту;

      - кәріз су құбырлары нысандарының жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күнделікті бақылауда ұстау;

      - тұрғын үйлерде және көппәтерлі тұрғын үйлерде жылу, энерго, газ және су ресурстарын есептейтін құралдарының бар болуын бақылау;

      - кондоминиум нысанындағы бөлме иелерінің жалпы қолданылатын мүліктің техникалық жағдайына, оның инженерлік құрал жабдықтарына және олардың күтімімен, жөндеу жұмыстарының қолданыстағы сәйкес уақытында жүргізілуіне бақылау жасау;

      - кондоминиум нысанындағы жалпы қолданылатын мүліктің күрделі жөндеудің бөлек түрлерімен орындалған жұмыстарының сапасын бақылау;

      - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;

      - су тазарту қондырғыларын сенімгерлік басқаруға беру комиссиясының жұмысына қатысады;

      - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын уақытылы қарауды қамтамасыз ету;

      - бөлімге қатысты жұмыстар бойынша аудан әкіміне, аудан әкімі жанындағы аппарат мәжілістеріне, аудан әкімдігіне, мәслихатқа мәселелер ұсыну және есеп беру;

      - қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындау;

      - жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;

      - бөлім қызметкерлерінің жұмысында, олардың біліктіліктерін арттыруда тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету;

      - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б);

      - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын-үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады;

      - кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақты үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

      - кондоминум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік – техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;

      - тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

      - қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;

      - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақталуына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына;

      - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекiтедi;

      - кондоминум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

      - тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      - тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады;

      - елді-мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

      - елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

      - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерді жергілікті бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұстау жөніндегі шараларды қолданады;

      - жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ жиналыс шешімі негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды дайындауды және дайындау бойынша шығыстардың орнын толтыруды қамтамасыз етеді;

      - жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

      - жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

      - "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды беруді жүзеге асырады;

      - Тұрғын үй қатынастары туралы Заңда айқындалған шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруді жүзеге асырады;

      - бөлімге қатысты мәселелер бойынша бекітілген тәртіппен конференциялар, семинарлар, жиналыстар өткізуге;

      - құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған бірыңғай портал арқылы, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жұмыс жасау;

3. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      - өзінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;

      - Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;

      - заңнамаға сәйкес Мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу жөнінде шаралар қабылдайды;

      - мекеменің актілеріне қол қояды;

      - мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;

      - мекеме жұмысының регламентін және штаттық кестесін бекітеді:

      - өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын мекеме басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады