Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 71 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресустары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау филиалына Қызылқоға ауданы, Қоныстану- Тайсойған-Шығыс Тайсойған учаскесінен ӘЖ-10кВ пайдалану құрылысы үшін жалпы көлемі 31,456 гектар жер учаскесі шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын 2032 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Кенжебековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Бисембиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады