Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау Қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 6 маусымдағы № 115 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 65-бабы 1-1-тармағына және "Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау Қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сабитовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      А.Ш.Жетпісбай
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      С.А.Қалқаманов
      А.С.Сабитов
      Ұ.Қ.Тәжібаев
      Қ.Ә.Қайыпбек
      А.Б.Тасыбаев

  Түркістан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 6 маусымдағы
№ 115 қаулысына қосымша

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау Қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті бюджет түсімдерін болжау Қағидасы (бұдан әрі - Қағидасы) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 65-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Жоспарлы кезеңге арналған бюджетке түсетін түсімдерді болжау "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), Бюджет кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Жергілікті бюджетке кірістерді болжау кезінде Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (бұдан әрі – ӘЭДБ) макроэкономикалық көрсеткіштері номиналды мәнде пайдаланылады.

      Болжанатын кірістер түсімдерінің есептерінде салық есептілігінің көрсеткіштері (салықтардың есептелуі, түсімі, салықтар мен алымдар бойынша берешек, салық базасы туралы), мемлекеттік статистика деректері, мемлекеттік органдардың материалдары пайдаланылады.

      4. Жоспарлы кезеңге арналған бюджетке түсетін түсімдерді болжау кезінде Салық кодексіне және Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер ескеріледі.

      5. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау оңтайлы болжамды көрсеткіштерді айқындау мақсатында бірнеше есептеу әдістерімен жүзеге асырылады.

      6. Жоспарлы кезеңге арналған түсетін түсімдердің болжамдарын айқындау кезінде ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау негізге алынады.

      7. Жоспарлы кезеңге арналған бюджеттерінің салықтық әлеуетін бағалауды айқындау кезінде ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеует негізге алынады.

      8. Түсімдер бағалауын (салықтық әлеуетті) есептеу әдістері салықтық түсімдерді болжау кезінде есептеудің негізі болып алынатын базаға байланысты әртүрлі болады.

2-тарау. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау

1-параграф. Салықтық түсімдер

      9. Салықтық түсімдерді болжау мынадай әдістермен жүзеге асырылады:

      1) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      P = Pесеп * (100% + I), мұндағы:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін);

      I – инфляция деңгейі,%.

      2) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің немесе үш жылдан аспайтын болса, кірістердің тиісті түрінің барлық түсу кезеңіндегі өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формула бойынша:

      P = Pесеп * Trорт., мұндағы:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін);

      Trорт. – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,

      бұл ретте:

      Trорт. = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:

      Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(2жыл) – екінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      3) экстраполяция жолымен, мынадай формула бойынша:

      P = Pесеп + Sорт., мұнда:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін);

      Sорт. – үш жыл ішіндегі орташа өсім сомасы,

      бұл ретте:

      Sорт.=((Sесеп(1жыл)–Sесеп(өтк.жыл))+(Sесеп(2жыл)–Sесеп(1жыл))+(Sесеп(3жыл)–Sесеп(2 жыл)))/3,

      мұнда:

      Sесеп(өтк.жыл) – бірінші жылдың алдындағы жылдың түсімдер сомасы;

      Sесеп(1жыл) – екінші жылдың алдындағы бірінші жылдың түсімдер сомасы;

      Sесеп(2жыл) – үшінші жылдың алдыңдағы екінші жылдың түсімдер сомасы;

      Sесеп(3жыл) – ағымдағы қаржылық жылдың алдыңдағы үшінші жылдың түсімдер сомасы.

      4) есептік қаржылық жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағына сүйене отырып, мынадай формула бойынша:

      Pбағ. = Pф(ағым.)/Uесеп

      Uесеп = Pф(есеп) /Pесеп * 100, мұндағы:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Uесеп – есепті қаржылық жылдағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;

      Pіс.ж(есеп) – есепті қаржылық жылдың ұқсас кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      5) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша, мынадай формула бойынша:

      Pбағ. = Pіс.ж(ағым.) /Kіс.ж(ағым.) * 12, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Kіс.ж(ағым.)– ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі айлар саны;

      12 – жылдағы айлар саны.

      10. Ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалауды және салықтың тиімді мөлшерлемесін айқындау кезінде іс жүзіндегі түсімдерден жүйелік емес сипаттағы және өндірістік қызметке байланысты емес біржолғы төлемдер, атап айтқанда, уақытша факторлар (бағалардың құбылмалылығы, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған жылдық қайта есептеулердің ірі мөлшерлері, салықтық тексеру актілері бойынша қосымша есептелген сомалар алып тасталады.

      11. Есептеулерде уәкілетті органдардың деректері ескеріледі.

2-параграф. Салықтық емес түсімдер

      12. Салықтық емес түсімдер салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінін талдау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылда күтілетін түсімін бағалауды негізге ала отырып болжанады және уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған болжамды деректер пайдаланылады.

      13. Жергілікті бюджеттерге республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі салықтық емес түсімдерді болжау жүзеге асырылмайды.

3-параграф. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

      14. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау уәкілетті органның деректері бойынша немесе болжанатын жылы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылдың күтілетін түсімінің бағалауы негізге алына отырып жүзеге асырылады.

4-параграф. Жеке табыс салығы

      15. Номиналды мәндегі жалақы төлем көзінен салық салынатын табыстардан түсетін жеке табыс салығын есептеуге арналған салық базасы болып табылады.

      Болжамды жалақы қоры әрбір аумақ бойынша жалақы қорының есепті (статистикалық) деректеріне алдыңғы жылдардағы жалақы қорының кемінде үш жыл үшін орташа өсу қарқынын қолдану арқылы шаруашылық субъектілері мен бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.

      16. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетін бағалауда жоспарлы кезеңге салық төлеушінің тіркеу орнының өзгеруіне (қайта орналастыруға) байланысты аумақтағы жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетінің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі.

      Жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруін есептеу бюджетті атқару жөніндегі аумақтық уәкілетті органның мәліметтері негізінде нақты салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.

      17. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжам келесі әдістермен айқындалады:

      1) жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы мынадай формула бойынша:

      IPN (салық.салын)б = (Dfzp * Sесеп) ± Iipn

      Sесеп = IPN(салық.салын)есеп /Dесеп * 100, мұндағы:

      IPN (салық.салын)б – жоспарлы жылға жеке табыс салығы бойынша болжам;

      Dfzp – жоспарлы жылға арналған жалақы қорының болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Iipn – салық және алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдердің түзетуші сомасы;

      IPN (салық.салын) есеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      Dесеп – есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры;

      2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) мынадай формула бойынша:

      IPN (салық.салын)б = (Ofzp * Fipn), мұндағы:

      IPN (салық.салын)б – жоспарлы жылға арналған жеке табыс салығы бойынша болжамы;

      Ofzp – болжамды салық салынатын жалақы қорының мөлшері;

      Fipn – Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығының мөлшерлемесі, %.

      18. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжамы мынадай формула бойынша айқындалады:

      IPN (салық.салынб)б = IPN(ноб)оц * (100% + Iп), мұндағы:

      IPN (салық.салынб)б – жоспарлы жылға төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша болжам;

      IPN (салық.салынб)оц – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %.

5-параграф. Корпоративтік табыс салығы

      19. Бюджет кодексінің 50-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша болжам мынадай әдістермен есептеледі:

      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының мұнай емес секторының жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) көлемі негізінде мынадай формула бойынша:

      KPNб = KPNбағ * T(жққ)/100, мұндағы:

      KPNб – корпоративтік табыс салығы бойынша болжам;

      KPNбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      T(жққ) – Қазақстан Республикасының мұнай емес секторының жалпы қосылған құнының өсу қарқынының болжамы, %.

      2) есепті қаржы жылы инфляция деңгейіне қарай нақты түсімдерді индекстеу арқылы мынадай формула бойынша:

      KPNб = KPNбағ * (100%+Іб)/100,

      мұндағы:

      KPNб – корпоративтік табыс салығы бойынша болжам;

      KPNбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Іб – инфляцияның болжамды деңгейі, %.

6-параграф. Әлеуметтік салық

      20. Әлеуметтік салықты есептеу үшін салық базасы ретінде номиналды мәндегі жалақы болып табылады.

      Болжамды жалақы қоры, жалақы қорының есепті (статистикалық) деректеріне әрбір аумақ бойынша алдыңғы жылдардағы жалақы қорының кемінде үш жыл үшін орташа өсу қарқынын қолдану жолымен, шаруашылық субъектілер және бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.

      21. Жоспарлы кезеңге арналған әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауда, салық төлеушіні тіркеу орнының өзгеруіне (көшіру) байланысты аумақтағы салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі. Әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруін есептеу бюджетті атқару жөніндегі аумақтық уәкілетті органның мәліметтері негізінде нақты салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.

      22. Жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам келесі әдістермен есептеледі:

      1) жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы мынадай формула бойынша:

      SNп = (Dfzp * Sесеп) ± Isn

      Sесеп= SNесеп /Dесеп * 100,

      мұндағы:

      SNп – жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам;

      Dfzp – жоспарлы жылға арналған жалақы қорының болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Isn – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдерді түзету сомасы;

      SNесеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      Dесеп – есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры.

      2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) мынадай формула бойынша:

      SNп = (Ofzp * Fsn) ± Isn ,

      мұндағы:

      SNп – жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам;

      Ofzp – болжамды салық салынатын жалақы қорының мөлшері;

      Fsn – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды алып тастағандағы Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салық мөлшерлемесі, %;

      Isn – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдерді түзету сомасы.

7-параграф. Мүлік салығы

      23. Мүлік салығы түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша және жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша жеке жүргізіледі.

      24. Мүлік салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжамы келесі әдістермен есептеледі:

      1) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      NIп = NIбағ. * (100% + Iп),

      мұндағы:

      NIп – жоспарлы жылға мүлік салығы бойынша болжам;

      NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мүлік салығының салықтық әлеуетін бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%;

      2) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формулат арқылы:

      NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы:

      NIп – жоспарлы жылға мүлік салығы бойынша болжам;

      NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тр – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл),%.

      25. Ағымдағы қаржылық жыл бойынша жеке тұлғалардан мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері бойынша ағымдағы қаржылық жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.

      Сондай-ақ, "Түркістан облысының негізгі қорлары" статистикалық жинақ деректеріндегі негізгі құрал-жабдықтардың нақты барын, олардың құрылымын, негізгі құрал-жабдықтардың жағдайының серпінін, оларды жаңарту мен жоюды, материалдық емес активтердің нақты бары және құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер ескеріледі.

8-параграф. Жер салығы

      26. Жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеппен мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы:

      NIп – жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам;

      NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тp – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.

9-параграф. Көлік құралдарына салынатын салық

      27. Көлік құралдарына салық түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке жүргізіледі.

      28. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша жоспарлы жылға арналған болжамы келесі әдістермен есептеледі:

      1) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:

      NTп = NTбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      NTп – жоспарлы жылға арналған көлік құралдары салығы бойынша болжам;

      NTбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша көлік құралдары салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%;

      2) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, мынадай формула арқылы есептеледі:

      NTп = NТбағ. * Тp, мұндағы:

      NTп – жоспарлы жылға көлік құралдары салығы бойынша болжам;

      NТбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша көлік құралдары салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тp – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.

      29. Ағымдағы жыл бойынша жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері бойынша ағымдағы қаржылық жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.

10-параграф. Бірыңғай жер салығы

      30. Бірыңғай жер салығы бойынша болжам мынадай формула бойынша есептеледі:

      EZп = EZбағ. * (100% + Iп),

      мұндағы:

      EZп – жоспарлы жылға арналған бірыңғай жер салығы бойынша болжам;

      EZбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша бірыңғай жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%.

11-параграф. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға акциздер

      31. Жоспарлы жылға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлардың акциздері бойынша болжамды есептеу акцизделетін өнім түрлері бойынша жеке түрде, мынадай әдістермен жүзеге асырылады:

      1) акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемінің және акциз мөлшерлемесінің негізінде мынадай формула бойынша:

      Aп = Vп * S, мұндағы:

      Aп – жоспарлы жылға арналған акциздер бойынша болжам;

      Vп – акцизделетін өнім өндірудің болжамды көлемі;

      S – Салық кодексіне сәйкес акциз мөлшерлемесі, мұндағы:

      Vп = Vбағ. * Тр,

      Vп – акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемі;

      Vбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша акцизделетін өнім өндірісінің көлемі;

      Тр – акцизделетін өнім өндірісі көлемінің алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %;

      2) инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылғы бағалау негізінде мынадай формула бойынша:

      Ап =Абағ. * (100% + Iп) + Iаk, мұндағы:

      Ап – жоспарлы жылға арналған акциздер бойынша болжам;

      Абағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша акциздердің салықтық әлеуеті;

      Iп – инфляцияныңболжамдыдеңгейі, %.

      Iаk – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескерілетін түсімдерді түзету сомасы.

12-параграф. Жергілікті бюджетке есептелетін төлемақылар мен алымдар

      32. Бюджет кодексінің 50, 52 және 52-1 баптарына сәйкес, жергілікті бюджетке есептелетін төлемдер мен алымдарға мыналар жатады:

      қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;

      жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

      орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

      Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;

      жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);

      қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

      жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

      - аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

      - аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде;

      - елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы.

      33. Жергілікті бюджетке есептелетін төлемдер мен алымдар бойынша болжам ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      SPп = SPбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      SPп – жоспарлы жылға төлемдер мен алымдардың салықтық әлеуетінің болжамы;

      SPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша төлемдер мен алымдардың салықтық әлеуетін бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %.

13-параграф. Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж

      34. Жоспарлы жылға жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжамды есептеу мынадай әдістермен жүзеге асырылады:

      1) үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқынын мына формула бойынша қолдану:

      GPп = GPбағ. * Trорт, мұндағы:

      GPп – жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжам;

      GPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %;

      2) ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу арқылы мына формула бойынша:

      GPп = GPбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      GPп – жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжам;

      GPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %.

14-параграф. Басқа да салықтар

      35. Жоспарлы жылға арналған басқа да салықтар бойынша болжамын есептеу түсімдердің серпіні бойынша жүзеге асырылады.

15-параграф. Салықтық емес түсімдер

      36. Салықтық емес түсімдер бірқатар жылдардағы салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінін талдау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылдың күтілетін түсімін бағалау негізінде болжанады және әрбір ЕБК бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынған болжам деректері ескеріледі.

      37. Жергілікті бюджеттерге облыстық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі салықтық емес түсімдерді болжау жүзеге асырылмайды.

16-параграф. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

      38. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне қарай түзетілген ағымдағы қаржылық жылғы күтілетін түсімді бағалау негізге алына отырып, жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады