Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 15.09.2023 № 487 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Арыс қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Г.Құрманбекова |
Арыс қаласы әкімдігінің "__" _____ 20__ жылғы № ___қаулысына қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы | Ұйымның штаттық құрамы | Квота мөлшері (%) | Жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдар саны | Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (дана) |
1. | Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Арыс аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 916 | 4 | 30 | 6 |
2. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2 | 0 | 1 |
3. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Монтайтас жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 65 | 2 | 0 | 1 |
4. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қаражантақ" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 68 | 2 | 0 | 1 |
5. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 60 | 2 | 0 | 1 |
6. | Барлығы | 1159 | 30 | 10 |