Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 487 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:

      1) Арыс қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 687 "2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы;

      2) Арыс қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 701 "Арыс қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күштері жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Г.Құрманбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады