Арыс қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 28 қарашадағы № 701 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 487 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 15.09.2023 № 487 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңыңың 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңыңың 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Арыс қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Г.Құрманбекова

  Арыс қаласы әкімдігінің
2022 жылғы __________
____________ №______
қаулысына 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санының %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жасыл Арыс" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

48

2,08

1

2.

"Ақаба-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

45

2,22

1

 
  Арыс қаласы әкімдігінің
2022 жылғы __________
____________ №______
қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санының %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Қаблаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

16

6,25

1

2.

"BAKDAULET Company 2020" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

14

7,14

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады