2023 жылға арналған мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 1814 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 16 тамыздағы № 296 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 16.08.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен бекітілген "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына" сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Түркістан қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуы қала әкімідігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Кузембаевқа жүктелсін

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Тұрашбеков

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "05" желтоқсандағы
"2023 жылға арналған
мүгедектігі бар адам үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу
туралы"
№ 1814 қаулысына қосымша

2023 жылға арналған мүгедектігі бар адам үшін жұмыс орындарына квоталау көлемі

Ұйымның атауы атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан ℅)

Квота белгіленуі тиіс жұмыс орындар саны

2023 жылға Мүгедектігі бар адам үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің " № 24 жалпы орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

2%

1

1

2

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ұлттық ғылыми орталық" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облыстық филиалы

52

2%

1

1

3

Түркістан облысының цифрландыру,мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының "Цифрлық даму оралығы" КММ

51

2%

1

1

4

"Түркістан жарық-тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

75

2%

1

1

5

Түркістан облысы әкімінің аппараты "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2%

1

1

6

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының "Ақпараттық-талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

53

2%

1

1

7

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№31 бастауыш мектеп-балабақша " кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесі

65

2%

1

1

8

Түркістан қаласы әкімдігінің "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Түркістан –Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

125

2%

2

2

9

"Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жасыл Аймақ" КММ

75

2%

1

1


Барлығы:

616


10

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады