Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 05 желтоқсандағы № 1814 "2023 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуы қала әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Күзембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Б.Оразбеков |