2023 жылы Қазығұрт ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 345 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 235 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 14.09.2023 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазығұрт ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Абдуллаев

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 05 желтоқсандағы
№ 345 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 2023 жылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны

1.

Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Таза су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

143

1,4%

2

2.

"Сырлы" шаруа қожалығы

11

9%

1

3.

"Ережеп" шаруа қожалығы

7

14,2%

1

4.

"Кудайбергенов Ж." жеке кәсіпкер

10

10%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады