2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 425 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 308 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 20.09.2023 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Сейітқұлға жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Бадыраков

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы " 05 " желтоқсандағы
№ 425 қаулысына қосымша

2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімдегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

5

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

74

2

1

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

72

2

1

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

74

2

1

4

"Green Technology Industreis" ЖШС

65

2

1

5

"Бөкей" ЖШС

72

2

1

6

Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің "Темірлан абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

2

2

7

"Medical Center Shubarsu" ЖШС

89

2

2

8

"Нур-Агро 73" ЖШС

65

2

1


Барлығы

603


10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады