Ордабасы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 308 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ордабасы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 425 қаулысы;

      2) "2023 жылға Ордабасы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 426 қаулысы.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ордабасы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Оралбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады