Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қазандағы № 274 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 36, 67, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Түркістан облысы, Отырар ауданының Балтакөл ауыл округі аумағындағы жерінен талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салу үшін жалпы көлемі 0,78 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2023 жылдың қазан айына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Сұлтанханов

  Отырар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 274 қаулысына
қосымша

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілейтін жерлердің экспликациясы

№ қ/с

Жер пайдаланушылар атауы

Кадастрлық номер

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сервитуттың әрекет ету көлемі, (га)

Меншік түрі

1

2

3

4

5

6

7

1

Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі орман, балық және аңшылық шарушылығы Комитетінің Отырар орман және жануар дүниесін қорңау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

19-294-078-001

орман шаруашылығын жүргізу үшін

Балтакөл ауыл округі

0,66

Тұрақты жер пайдалану құқығы

2

Дүйсенбеков Алтынбек Сиякбекұлы

19-294-026-083

шаруа қожалағын жүргізу үшін

Балтакөл ауыл округі

0,12

Ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

Аудан бойынша барлығы:




0,78



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады