Мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № 294 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 31.07.2023 № 175 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Сұлтанханов

  Отырар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 қарашадағы
№ 294 қаулысына қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

215

3%

6

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Темір жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

160

3%

4

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

131

3%

3

4

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Мыңшұңқыр жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

3%

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады