"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі "Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы" № 460 қаулысына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" № 49 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 болып тіркелген) өзгеріс енгізілсін.
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалдыға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Созақ ауданының әкімі | М. Турысбеков |