Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармағына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Kurumsak Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Құрымсақ кен орнында ванадийді барлау үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскесіне 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Алынып тасталды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 17.05.2022 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалдыға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Полатов |