Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 593 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 639 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 28.09.2023 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күніне бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабын 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. "Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулы тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      2) осы қаулының Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау және өзге де туындайтын шараларды қамтамасыз ету осы салаға жетекшілік ететін Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дуйсебаевқа және Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р. Бейсебаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төлеби ауданының әкімі Т.Телгараев

  Төлеби ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 01 желтоқсандағы
№ 593 қаулысына қосымша

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Төлеби ауданы бойынша ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі(%)

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының саны

Жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдар саны

1

"Ақмаржан LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

90

2

2

1

2

"Жасмина" бөбекжай-балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

51

2

1

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады