Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 17-148-VII шешімі. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 5-56-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 22.09.2023 № 5-56-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 39-3-бабтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі бекітілсін.

      2. "Келес аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы мәслихат шешімі қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтык ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Келес аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков

  Келес аудандық мәслихатының
2022 жылғы "19" қыркүйектегі
№ 17-148-VII шешіміне қосымша

Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі - тәртіп) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылы 18 қазандағы "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін - өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықты бөлек жиыны - ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуға.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Ақтөбе ауылдық округінің аумағы: Жуантөбе, Кеңдала, Жаңадәуір, Ынтымақ, Көгерту, Лесбек Батыр, Ақжар, Қаратөбе, Көкбұлақ, Ғ.Мұратбаев, Қияжол, Құйған, Бозсу, және Ескіқорған елді мекендеріне бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақтөбе ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Ақтөбе ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Ақтөбе ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиынын өткізуді Ақтөбе ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Ауыл ішінде көпқабатты үйлер болса, көпқабатты үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақтөбе ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ақтөбе ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандитатураларын бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандитатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ақтөбе ауылдық округінің әкімінің аппаратына беріледі.

3-тарау. Ақтөбе ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғынадары өкілдерінің санын айқындау

      13. Ақтөбе ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғынадары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады:

      Жуантөбе елді мекені үшін -2;

      Кеңдала елді мекені үшін -1;

      Жаңадәуір елді мекені үшін-2;

      Ынтымақ елді мекені үшін-2;

      Көгерту елді мекені үшін-1;

      Лесбек батыр елді мекені үшін-3;

      Ақжар елді мекені үшін-1;

      Қаратөбе елді мекені үшін-3;

      Көкбұлақ елді мекені үшін-2;

      Ғ.Мұратбаев елді мекені үшін-3;

      Қияжол елді мекені үшін-2;

      Құйған елді мекені үшін-2;

      Бозсу елді мекені үшін-3;

      Ескіқорған елді мекені үшін-1;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады