Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару және бөлу нормативі туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 9 қарашадағы № 348 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР Заңының 140 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару және бөлу нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Сауран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасын нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ораластыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Қаулының орындалуын бақылау Сауран ауданы әкімінің орынбасары Е. Жанғазиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі Ғ. Рысбеков

  Сауран әкімдігінің
__ _______2022 жылғы
№______ қаулысына
Қосымша

Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару және бөлу нормативтері

      1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындар үшін - таза кірісітің 45 пайызы мөлшерінде.

      2. Коммуналық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі ксіпорынның дамуына жұмсалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады