"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының және оған ведомстволық бағынысты шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындардың тиісті саласындағы уәкілетті органының құқықтық мирасқоры болып табылады.
3. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
5. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес кейбір шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың атаулары өзгертілсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.А. Нұрбаевқа жүктелсін.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.06.2024 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) облыс аумағында бірыңғай аграрлық саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
8. Басқарманың орналасқан жері: индекс 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 40.
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
1) аграрлық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру және осы негізде облыс аумағында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың перспективалары мен үрдістерін айқындау;
2) нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыруға жәрдемдесу, облыста бірыңғай қаржы-инвестициялық саясатты жүргізу;
3) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына өнімді өткізу және жабдықтау бойынша нарықтық орта құруға жәрдемдесу;
4) ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, облыс және республика өңірлері бойынша нарық конъюнктурасын, ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттық жеткізу мүмкіндіктерін зерделеу;
5) тұқым шаруашылығын дамыту және астық өндіру, асыл тұқымды мал шаруашылығы, фитосанитариялық қауіпсіздік үшін жағдайлар жасау;
6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын, оларды іске асыру жолдары мен әдістерін айқындау және енгізуге жәрдемдесу, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттау.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, жеке тұлғалардан сұрату;
Басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;
2) міндеттері:
экономикалық өсуге және облыстың агроөнеркәсіптік кешені салаларының сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге жәрдемдесу, облыстың азық-түлік нарығын қолжетімді, қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдерімен молықтыруға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар мен міндеттер.
14. Функциялары:
1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу;
3) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне осалдығын бағалауды жүргізу;
4) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды айқындау;
5) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
6) өз құзыреті шегінде айқындалған климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігін мониторингілеу мен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;
7) Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
9) шығарылатын өнім түрлері бойынша өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
10) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
11) өңірдің агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
12) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
13) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің саудасы бойынша көтерме базарларды ұйымдастыру;
14) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағалары мен нарықтарына мониторинг жүргізу;
15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
16) азық-түлік тауарларын сатып алу бағдарламаларына қатысушыларды айқындау жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
17) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтерді және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
18) асыл тұқымды жануарларды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлі есебінен өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіруді ұйымдастыру;
19) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
20) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету;
21) облыста азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
22) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігін және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін өтеу;
23) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
24) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекіту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
25) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
26) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
27) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
28) басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялауды жүзеге асыру;
29) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
30) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу;
31) тиісті жергілікті өкілді органға ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекітуге ұсыну бойынша ұсыныстар енгізу;
32) агроөнеркәсіптік кешен саласына екінші деңгейдегі банктердің инвестициялары мен кредиттерін тарту, бәсекеге қабілетті өндірістердің қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасау, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйелеріне көшу, мамандандырылған мал шаруашылығы шаруашылықтарының өсуі үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
33) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін қалыптастыруға қатысу;
34) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасау;
35) ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
36) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтардың жай-күйі мен дамуы туралы ақпарат беру;
37) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
38) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөнінде комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
39) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
40) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
41) ішкі нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның азық-түлік астығын өткізу кезінде шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауды жүзеге асыру;
42) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
43) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
44) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізу жатады;
45) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, тұқым шаруашылығы субъектілеріне аттестаттау жүргізу;
46) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
47) облыс бойынша тұқым балансын жасау;
48) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты беру;
49) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сақтандыру және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
50) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
51) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылау;
52) облыс аумағында тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асыру;
53) заңнамаға сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
54) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды айқындау жөнінде ұсыныстар дайындау:
тұқым шаруашылығы саласындағы әрбір аттестатталған субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
элиталық тұқымдар бойынша – әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін;
55) субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
56) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
57) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
58) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдайды;
59) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
60) астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
61) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізуді жүзеге асыру;
62) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербцидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
63) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
64) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті бағалау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;
65) астық қабылдау кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау;
66) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
67) астық қабылдау кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;
68) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға материалдар дайындау;
69) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
70) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
71) Қазақстан Республикасының "Астық туралы" Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез-келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу бойынша шаралар қабылдау;
72) тізілім деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
73) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
74) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
75) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
76) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
77) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
78) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
79) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
80) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
81) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
82) мыналар:
пестицидтерді өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді өткізу;
пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
83) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
84) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
85) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
86) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;
87) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
88) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
89) облыс аумағында бал ара шаруашылығының дамуын және қорғалуын бақылау;
90) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық істерді мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру;
91) бал ара шаруашылығы саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметті үйлестіру;
92) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
93) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және іс-шараларды жүзеге асыру;
94) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың мүшелеріне шығаратын өнімінің ассортименті бойынша сауда орындарын бере отырып, өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
95) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімін сату үшін коммуналдық базарларда сауда орындарын жеңілдікті шарттармен ұсынуды қамтамасыз ету;
96) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылу және қызметінің тәжірибесін тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
97) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін қаржы ұйымдарының инвестициялары мен кредиттерін тарту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру мен дамыту, оларды жаңғырту үшін жағдайлар жасау және сапа менеджментінің халықаралық жүйелеріне көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
98) ауыл шаруашылығы кооперациясының ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасау;
99) уәкілетті органға:
жайылымдарды ұтымды пайдалану;
жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
жайылымдардың оты-суының молдығы;
жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;
100) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу және облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізу;
101) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы петицияларды Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарау;
102) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
16. Басқарманың бірінші басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма реттейтін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;
4) Басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті актілер шығарады және нұсқаулар береді;
5) Басқарма актілеріне қол қояды;
6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
7) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
8) шарттар жасасады;
9) сенімхаттар береді;
10) банк шоттарын ашады;
11) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
12) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
19. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы "___"_________ №____ қаулысына 2 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылатын қаулыларының тізбесі
1. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 169 қаулысы.
2. "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 112 қаулысы.
3. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 169 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 77 қаулысы.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы "___"_________ №____ қаулысына 3 қосымша |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.10.2022 № 244 қаулысымен.
№ | Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың атаулары |
1. | Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Өскемен-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
2. | Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Риддер-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
3. | Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Глубокое-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
4. | Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Зайсан-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
5. | Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Қатонқарағай-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
6. | Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Күршім-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
7. | Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Алтай-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
8. | Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Самар-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
9. | Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Тарбағатай-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
10. | Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Ұлан-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
11. | Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының "Шемонаиха-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. |