"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 195 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 326 қаулысы. Жойылды-Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 181 қаулысымен

      Ескерту. Жойылды-Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.08.2022 № 181 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 195 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 11 қарашадағы
№ 326 қаулысына қосымша
  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы 4 шілдедегі
№ 195 қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, бейнеленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқврманың орналасқан жері: индексі 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.

      9. Осы Ереже басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіліктері

      12. Мақсаттары:

      1) Шығыс Қазақстан облысы аумағында спорттың барлық түрлерінің дамуына қолдау көрсету;

      2) дене шынықтыру және спорт саласында материалдық база құру және нығайту, тиісті инфрақұрылымдарды дамыту.

      13. Өкілеттіліктері:

      1) құқықтары:

      өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, жеке тұлғалардан сұрату;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу.

      2) міндеттері:

      дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтары мен міндеттері.

      14. Функциялары:

      1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

      2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;

      4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;

      5) спорт түрлерi бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

      6) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      7) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      8) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;

      9) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

      10) спортшыларға: "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;

      11) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      12) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

      13) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      14) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

      15) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

      16) олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған, мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

      17) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған, мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

      18) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      19) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

      20) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      21) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      22) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

      23) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;

      24) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

      25) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

      26) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді;

      27) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастырады;

      28) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      29) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      30) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      31) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіліктері

      15. Басқармада басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың бірінші басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындап, лауазымынан босатады;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;

      3) басқарма актілеріне қол қояды;

      4) басқарма бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      5) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда өз құзыреттілігі шегінде басқарма мүддесін білдіреді;

      6) басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      7) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттілігі мен кәсіби дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармада бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, басқарманың өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спортта дарында балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп-интернаты-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласы бойынша № 2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт-техника мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қажмұқан атындағы Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың жазғы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ауыр атлетика бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      13. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      15. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      16. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      17. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдердің шайбалы хоккей бойынша олимпиадалық резервтегі арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      18. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      19. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      20. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай ауданының Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      21. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Абай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      22. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Аягөз ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      23. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бесқарағай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      24. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бородулиха ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      25. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Глубокое ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      26. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жарма ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      27. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқарсасының "Зайсан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      28. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Катонқарағай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      29. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Күршім ауданының көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      30. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      31. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Көкпекті ауданының балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      32. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Көкпекті ауданының № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      33. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Көкпекті ауданының № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      34. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Риддер қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      35. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласының балалар-жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      36. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      37. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының Марат Имашев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      38. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының Бақытхан Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      39. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Үржар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      40. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      41. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының ат спортының ұлттық түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      42. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      43. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      44. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының спорт ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      45. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шемонаиха ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      46. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы "Шығыс Қазақстан облыстық волейболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады