"Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 195 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы (Д.Е. Рахметқалиев):

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің:

      1) "Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 170;

      2) "Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 20 шілдедегі № 241 қаулыларының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаевқа жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкiмдігiнiң
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 195 қаулысына қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) бюджетті атқару және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарманың, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 65.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) облыс бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін орындау;

      2) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;

      3) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізу;

      4) облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды облыс басшылығының қарастыруына енгізу;

      өз өкілеттіктері шегінде Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу;

      Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты (есептерді, анықтамаларды, материалдарды) сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2) Міндеттері:

      Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;

      заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беруге;

      Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;

      Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

      15. Функциялары:

      1) облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады және бюджетті атқару бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;

      2) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекiтеді және жүргiзеді;

      3) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдеріне өзгерістер енгізеді;

      4) бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады;

      5) облыстық бюджет бойынша түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды;

      6) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;

      7) облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді;

      8) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;

      9) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан кем сомаға секвестрлеу жүргізу туралы қаулысы негізінде облыстық бюджетті түзетуді жүзеге асырады;

      10) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мыналар туралы бюджеттік есептілікті қалыптастырады және ұсынады:

      облыс бюджетінің, шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті;

      жергiлiктi атқарушы органның талаптары мен мiндеттемелерi туралы есептi;

      облыс бюджеті бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы;

      филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші Отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы;

      облыстық бюджет және облыс бюджетінің дебиторлық берешегі туралы;

      облыстық бюджет және облыс бюджетінің кредиторлық берешегі туралы;

      бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша облыс бюджетінің атқарылуы туралы талдамалық есеп;

      11) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі облыстың уәкілетті органына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға облыстық бюджеттің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы есеп ұсынады;

      12) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;

      13) жергілікті бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша талаптарды есепке алуды жүзеге асырады;

      14) төтенше жағдайларды жоюға, шұғыл шығындарға және облыстың жергілікті атқарушы органы соттарының шешімдерін орындауға арналған резервтерде көзделген қаражат шегінде ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді;

      15) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға, егер ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда, облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервінен ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді;

      16) облыстың жергiлiктi атқарушы органына жергілікті атқарушы орган резервінің ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдықтары туралы ақпаратты ай сайын ұсынады;

      17) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      18) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысын үйлестіреді;

      19) облыстық коммуналдық мүлікті өз құзыреті шегінде басқарады, оны қорғау жөнінде шаралар қолданады;

      20) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын (ережелерін), оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      21) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;

      22) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді жүзеге асырады;

      23) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүліктің құрамына акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуды жүзеге асырады;

      24) облыстық коммуналдық мүлікті (облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;

      25) облыстық коммуналдық мүлікті (облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) пайдалану туралы, оның ішінде оны жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

      26) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      27) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      28) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектілерін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      29) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      30) сенімгерлік басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      31) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады;

      32) коммуналдық меншікке берілетін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі (акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) бойынша сыйға тарту шартын жасасу туралы шешім қабылдайды;

      33) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;

      34) жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды жүзеге асырады;

      35) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Қаржы басқармасының басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату;

      заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеуді және оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асыру;

      басқарма актілеріне қол қою;

      сенімхат беру;

      мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіру;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті шараларды қабылдау;

      ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Басқарма басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады