"Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 197 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 287 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына және 39-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 197 қаулысына (2017 жылғы 18 наурыздағы № 74 қаулылымен енгізілген толықтыруларды есепке ала отырып) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күзтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелеріне жетекшілік ететін бірінші орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы "24" қарашадағы
№ 287 қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысындағы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңда тұлғаның орналасқан жері: индексі 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Максим Горький көшесі, 40.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;

      2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара байланыстыра отырып, бюджеттік және инвестициялық саясатты іске асыру;

      3) өңірлік даму саласындағы саясатты іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) мыналарға:

      өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша облыс әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізуге;

      бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының бюджеттік өтінімдерді жасау жөніндегі бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оны бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қараусыз қайтаруға;

      өзінің құзыреті шегінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және мемлекеттік органдарға ұсынуға;

      өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар мен өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттар сұрауға және алуға;

      сараптама жасау және кеңес алу үшін жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға;

      облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлік құрамындағы, уәкілетті органы Басқарма болып табылатын акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға;

      халықаралық көрмелерге қатысуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2) міндеттері:

      өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;

      Басқарманың алдына қойылған міндеттер мен функцияларды толық көлемде орындауды қамтамасыз ету;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа міндеттерді орындау.

      15. Функциялары:

      1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың келісуімен Шығыс Қазақстан облысын дамыту жоспарын әзірлеу, облыс мәслихатына бекітуге ұсыну;

      2) облыс әкімдігінің Шығыс Қазақстан облысын дамыту жоспарын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспары қаулысын әзірлеу;

      3) Шығыс Қазақстан облысын дамыту жоспарын және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын мониторингілеу және есебін әзірлеу;

      4) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және облыстық әкімдіктің мақұлдауына енгізу, оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

      5) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;

      6) шығыстардың бағыттары мен оларды облыстық бюджеттен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындау;

      7) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындау;

      8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;

      9) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін және бекітетін бюджеттік бағдарламаларды келісу;

      10) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарау;

      11) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындау;

      12) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламалары жобаларын қарау;

      13) бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджет комиссиясының қарауына жіберу;

      14) облыстық бюджет жобасын жасау және оны облыстың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізу;

      15) облыстық бюджеттің жобасын жергілікті атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсыну;

      16) жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдары қаулыларының жобаларын әзірлеу;

      17) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу тәртібіне сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде бюджеттік инвестициялық жобаны қарау;

      18) инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытынды дайындау;

      19) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарау және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жіберу;

      20) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындау;

      21) бюджеттік инвестициялық жобаны тиісті бюджет жобасына енгізу үшін іріктеу;

      22) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы мен экономикалық қорытынды негізінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асыру және қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберу;

      23) бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру, әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ бөлiнетiн тиiстi бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын техникалық-экономикалық негiздемелерінің қажетті сараптамаларын жүргізу;

      24) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингі және оны бағалау;

      25) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингі және оны бағалау;

      26) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, концессиялық ұсыныстар бойынша, конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде, концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша, концессия шарттары жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар әзірлеу;

      27) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, соның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда сараптама жүргізу үшін заңды тұлғаларды айқындау туралы облыс әкімдігі актісінің жобасын әзірлеу;

      28) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, соның ішінде концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалар бойынша бизнес жоспарлар, қажетті конкурстық құжаттамалар сараптамаларын жүргізу;

      29) тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, соның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;

      30) тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, соның ішінде концессиялық жобалардың консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастыру;

      31) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, соның ішінде коммуналдық меншiкке жататын концессия нысандары бойынша концессияларға жасалған шарттардың реестрін жүргізу;

      32) коммуналдық меншiкке жататын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, соның ішінде концессиялық жобалардың объектiлерiне қатысты конкурс ұйымдастыру;

      33) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың объектiлерi, соның ішінде комиссияның шешiмi негiзiнде коммуналдық меншiкке жататын концессиялар бойынша шарт жасасу;

      34) коммуналдық меншiкке жататын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, концессиялардың шарттарына мониторингті жүзеге асыру, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру және мониторинг пен бақылау нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберу;

      35) шетел заңды тұлғалары мен өңірдегі мемлекеттік инвестициялық және басқа да басым жобаларды қаржыландыру мен инвестиция тарту мәселелері бойынша әлеуетті инвесторлармен өзара қарым қатынас;

      36) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссияны құру және ол туралы ереженi бекiту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

      37) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;

      3) Басқарманың барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың, атынан өкілдік етеді, Басқарманың мүддесін білдіруге сенімхат береді;

      5) Басқарманың бөлімдері туралы ережені, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде тиісті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      7) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      8) қызметкерлерді оқуға және семинарларға, соның ішінде Қазақстан |Республикасынан тыс жерлерге жібереді;

      9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарма және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдар тізбесі

      "Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады