Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 4829 "Өскемен қаласы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 3057 қаулысы. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 4829 "Өскемен қаласы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өскемен қаласы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өскемен қаласы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сай белгіленсін.".

      қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өскемен қаласы бойынша 2022 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота".

      2. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыға қол қойылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Омар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады