Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 25/7-VІ "Абай ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 20/15-VII шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 шілдедегі № 16/8-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 02.07.2024 № 16/8-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Абай ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 25/7-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-5-153 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

      3-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады:

      1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;

      2) 10-15 мың халық – жиналыстың 11-15 мүшесі;

      3) 15-20 мың халық – жиналыстың 16-20 мүшесі;

      4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21-25 мүшесі."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маслихат хатшысы Е. Лдибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады