Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 431 "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2023 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі | Э. Тумашинов |
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 500 қаулысына қосымша |
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар | Квота мөлшері (%) |
Елуден жүз адамға дейін | 2 |
Жүз бірден екі жүз елуге дейін | 3 |
Екі жүз елу бір адамнан астам | 4 |