Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 01.12.2022 № 500 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары саны мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі | К. Байгонусов |
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 500 қаулысына қосымша |
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 01.12.2022 № 500 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тізімдік саны бар ұйымдар | Квота мөлшері (%) |
Елуден жүз адамға дейін | 2 |
Жүз бірден екі жүз елуге дейін | 3 |
Екі жүз елу бір адамнан астам | 4 |