"Облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 189 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 37 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 20.01.2023 № 37 бұйрығымен.

      "Прокуратура туралы" Заңның 37-бабының 4) және 9) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 126 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қазанда электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) 1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласының прокуратурасы туралы ереже;";

      2) аталған бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада:

      бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) аталған бұйрықпен бекітілген 17-қосымшада:

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9.  Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14.".

      4) аталған бұйрықпен бекітілген 18-қосымшада:

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Астана қаласының прокуроры, Бас әскери прокурор және Бас көлік прокуроры заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) бір айлық мерзімде өз актілерін осы бұйрыққа сәйкес келтіруді;

      2) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппаратына жүктелсін.

      5. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелерiнiң және білім беру ұйымының барлық қызметкерi мен жұмыскері таныстырылсын.

      6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Б. Асылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады