Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 63 н/қ "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 93 о/д бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 92 н/қ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 04.07.2023 № 92 н/қ бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 63 н/қ "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасы туралы ереже осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес;";

      Бұйрықта көрсетілген 15 және 16-қосымшада:

      8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Байқоңыр" ауданы, Ж. Омаров көшесі, 60. ";

      Бұйрықта көрсетілген 17-қосымшаға:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы туралы ереже";

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу бойынша берілген өкілеттіктер шегінде функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.";

      8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: Басқарманың заңды мекенжайы:

      Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Байқоңыр" ауданы, Ж. Омаров көшесі, 60.";

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Басқарманың толық атауы:

      мемлекеттік тілде:

      "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде:

      Государственное учреждение "Управление Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан по городу Астана".".

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бiрыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негiзiнде Астана қаласындағы заңдылық пен құқықтық тәртіптiң жай-күйi туралы мемлекеттiк органдарды, заңды және жеке тұлғаларды тиiмдi және жеткiлiктi ақпаратпен қамтамасыз ету; "

      20-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша Астана қаласы прокурорына есептік және есепке алу тәртібінің жағдайы туралы ақпаратты жібереді;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Астана қаласы прокуратурасының, Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің, Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің алқа отырыстарына, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында есепке алуға және есептілікке қатысы бар мәселелерді караған кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің мәжілістеріне қатысады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі құрамына енгізілген болса, онда әдеп жөніндегі кеңесінің отырыстарына қатысады;".

      6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау бойынша Астана қаласының аудандарындағы Басқарма өкілдерінің қызметін ұйымдастыру";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Астана қаласының аудандарындағы Басқарманың өкілдері құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің анағұрлым тиімді нәтижелеріне қол жеткізу, жүктелген міндеттерді толық көлемде орындау, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында бақылау және қадағалау қызметін қала, аудан прокурорларымен тиімді өзара әрекеттестікті іске асыру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінен толық және дұрыс құқықтық ақпаратты уақтылы алу мақсатында жедел қызметкерлердің және еңбек шарты бойынша жұмыскерлердің (бұдан әрі - Өкіл) санынан тұратын аудандық және қалалық прокуратураның ғимараттарында орналасады.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдерінде жіберілуін қамтамасыз етсін:

      1) Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасына, Комитеттің әскери басқармасына, Комитеттің аумақтық көлік басқармасына "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдау үшін;

      2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға.

      3. Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасының, Әскери басқармасының, Комитеттің Аумақтық көлік басқармасының бастықтары:

      1) осы бұйрықтың аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден кейін үш жұмыс күні ішінде Комитетке осы тармақтың 1) тармақшасының орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;

      3) бір ай мерзімде өз актілерін осы бұйрыққа сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Комитет Төрағасы С. Нұрлыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады