"Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 237 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ғ.Есқалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкiмдігінің 2022 жылғы
17 қарашадағы № 237
қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдын әрі - Басқарма) Батыс Қазақстан облысы аумағында денсаулық сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары бар.

      3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090006, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, № 201 үй.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру, азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi мемлекеттiк, нысаналы және кешендiк бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      2) денсаулық сақтау кадрларын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында салааралық ынтымақтастықты дамыту.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қарауына азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмiр салтын қалыптастыру, облыс тұрғындарына дәрiлiк көмек көрсетудi ұйымдастыру мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзу;

      - мемлекеттiк органдар, лауазымды тұлғалар, ұйымдар және азаматтармен келiсiм бойынша белгiленген тәртiппен Басқарманың алдында қойылған мiндеттердi орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат сұрату және алу;

      - олардың басшыларымен келiсiм бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

      - барлық құзырлы мемлекеттiк, әкiмшiлiк органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында Басқарманың мүддесiн бiлдiру;

      - өзiнiң құзыретi шеңберiнде шарттар жасасу;

      - Басқарманың қарауындағы ұйымдардың құрылымы жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      - Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарында байқау кеңестерiн құру жөнінде ұсыныстар енгiзу, байқау кеңесi мүшелерiне конкурстық iрiктеу жүргiзу, байқау кеңесi құрамын қалыптастыру және бекiту, олардың қызметiн бағалауды жүзеге асыру;

      - өз құзыретi шегiнде орындау үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;

      - Қазақстан Республикасы заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделерiн және құқықтарын сақтау;

      - Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы мәслихатының, әкiмдiгiнiң тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды, Мекемеге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;

      - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес медициналық жабдықтар мен дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде талаптардың орындалуын мониторингілеуді қамтамасыз ету;

      - бюджет қаржысының тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін сыртқы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.

      2) Міндеттері:

      - Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және әкімінің актілері жобаларын әзірлеу.

      15. Функциялары:

      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

      3) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

      6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;

      7) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;

      8) өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;

      10) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалардағы клиникалық базаларды береді;

      11) төтенше ахуалдар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      12) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;

      13) гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;

      14) халыққа әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпарат береді;

      15) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

      16) статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;

      17) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын әзірлеп, бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;

      18) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады;

      19) уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту жөнінде, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныс енгізеді;

      20) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      21) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастырады және жүргізеді;

      22) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;

      23) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      24) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органының мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктерлi жүзеге асырады.

3. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      2) Басқарманың бөлім басшыларының және қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

      9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағытта дербес жауапты болады;

      10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізімі:

      1. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мейірім" облыстық мамандандырылған бөбектер үйі" мемлекеттік мекемесі.

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арнаулы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық көп бейінді ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перинаталдық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      7. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      8. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық кардиологиялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      9. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық онкологиялық диспансер" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      10. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық тері-венерологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      11. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      12. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      13. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      14. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық патологиялық-анатомиялық бюро" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      15. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      16. "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Көп бейінді қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      17. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№1 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      18. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№2 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      19. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№3 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      20. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№4 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      21. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№5 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      22. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№6 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      23. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ауданаралық сауықтыру ауруханасы" оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      24. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөрлі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      25. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық ауруханасы"шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      26. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      27. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      28. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жәнібек аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      29. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бәйтерек ауданының ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      30. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      31. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      32. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      33. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Тасқала аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      34. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      35. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      36. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      37. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов ауданының 2-ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      38. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі ауданының 2-ауруханасы"шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады