Бөрлі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 6 "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 203 қаулысы. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 10.04.2023 № 99 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 6 "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5104 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1) 40 тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "40. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады."

      2) 41 тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лауазымы Аты-жөні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады