Бөкей ордасы ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 147 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдардың үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын және Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. "Бөкей ордасы ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №168 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Акқалиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бөкей ордасы ауданының әкімі Н. Даумов

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "21" қарашадағы
№147 қаулысына қосымша

Бөкей ордасы ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде), адам

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны), %

Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, адам

1

"Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

74

2

1

2

"Бөкей ордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкей ордасы аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

54

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады