Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаратөбе ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға қосымшаға сәйкес квота белгіленсін.
2. "Қаратөбе ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның реми жариялануын және Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.
4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Сүйеуғалиев |
Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2023 жылдың 22 желтоқсандағы №160 қаулысына қосымша |
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік) |
1 | Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Қаратөбе мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 102 | 3 | 2 |
2 | Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәспорыны "Қаратөбе аудандық аурухана" | 233 | 3 | 1 |