Тасқала ауданы әкімдігінің "Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №258 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 56 қаулысы. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 218 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 05.12.2022 № 218 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелді) сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №258 қаулысына "Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Турмагамбетов) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шакировке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Айтмағамбетов

  Тасқала ауданы әкімдігінің
20___ жылғы "____"__________
№ ____ қаулысымен
бекітілген

Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота саны, %

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Тасқала колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

68

2

1

2

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Амангелді "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

91

2

1

3

Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

119

2

2

4

"Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

22

2

1


Барлығы



5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады