Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 218 қаулысы. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 184 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 18.09.2023 № 184 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға арналған тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 258 "Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" және Тасқала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 56 "Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №258 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шакировке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Айтмағамбетов

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 218 қаулысына қосымша

Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота %

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

119

3

3

2

Батыс Қазастан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

93

2

2

3

Батыс Қазастан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Мерей жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

72

2

1

4

Барлығы

284


6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады