Теректі ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 139 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теректі ауданы бойынша 2022 жылға мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайзға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

      1) елу адамнан жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден астам адамнан - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Теректі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 297 "Теректі ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4902 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына Д.Гумаровқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Габдушев

  Аудан әкімдігінің 2022 жылғы
16 маусымдағы № 139
қаулысына қосымша

Теректі ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

345

4%

14

2

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық 2-ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

180

3%

5

3

"Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

290

4%

12

4

Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Теректі аудандық Достық үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

66

2%

1

5

"Федоровка ауылындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі

116

3%

3

6

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

130

3%

4

7

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Федоровка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

81

2%

2

8

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

173

3%

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады