"Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 107-194 қаулысы. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 107-680 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 13.04.2023 № 107-680 қаулысымен.

      Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген), "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) бұйрықтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы" 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшері осы қаулыға қосымшағана сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген қаулының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген қаулыға қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Астана қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 107-4464 қаулысына
қосымша";

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

  Астана қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 107-194 қаулысына
қосымша
  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 107-4464 қаулысына
қосымша

Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшері

Мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленушінің айлық құны (теңге)

Жалпы дамытушы топтар

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым жанындағы мектепке дейінгі шағын орталық

Мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтар

Баратын тәрбиеленушілердің есептемесі (топта 15 баладан артық емес)

Келмейтін тәрбиеленушілердің есептемесі

Баратын тәрбиеленушілердің есептемесі (топта 15 баладан артық емес)

Келмейтін тәрбиеленушілердің есептемесі

Баратын тәрбиеленушілердің есептемесі (топта 15 баладан артық емес)

Келмейтін тәрбиеленушілердің есептемесі

46 189

37 716

20 202

15 448

98 665

90 192


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады