"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 107-194 қаулысының күші жойылсын.
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |