Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 107-1871 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығымен бекітілген әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 16, 18-тармақтарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастар бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыруды;

      4) тамақтану үшін ата-ана төлемінің құнын осы қаулыға қосымшаға сәйкес оған қол қойылған күннен бастап белгілеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Әкім Ж. Қасымбек

  Астана қаласы әкімдігінің
2023 жылғы "__" _______
№ _________ қаулысына
қосымша

Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Р/с №

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
(№ 5, 7 бағандарда көрсетілген тәрбиеленушілерді қоспағанда)

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым

Шағын орталық

Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар

1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтар.
2. Түзету (арнайы) мектепке дейінгі ұйымдар

Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы білім беретін топтар және толық күн болатын шағын орталықтар

Жарты күн болатын шағын орталық

Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар

1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтар.
2. Түзету (арнайы) мектепке дейінгі ұйымдар

Мемлекеттік, жекеменшік мектепке дейінгі ұйым және толық күн болатын шағын орталық

толық күн болатын

жарты күн болатын

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

23 826

35 318

643

4 388

360

1 971

46 189

20 202

68 404

81 865

20 800

      ________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады