"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы ономастика комиссиясының 2023 жылғы 3 тамыздағы, Республикалық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 13 қазандағы қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мыналарға:
Астана қаласы "Есіл" ауданы бойынша:
жобалық атауы № 28/1 көшеге – Анадолы көшесі;
Астана қаласы "Нұра" ауданы бойынша:
жобалық атауы Е108 көшеге – Шандор Петөфи көшесі деп атау берілсін.
2. "Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Астана қаласының әкімі _______________ Ж. Қасымбек |
Астана қаласы мәслихатының төрағасы______________ Е. Каналимов |