"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 961 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 354 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32352 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 шілдеде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
Р. Жақсылықов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы "28" қыркүйектегі
№ 961 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери полиция
органдарының гауптвахтасында
ұсталатын әскери қызметшiлердi
(әкімшілік қамаққа алынған
әскери қызметшілерден басқа)
гауптвахтадан тыс жерде күзету
және алып жүру (айдауылмен
алып жүру) қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жол жүру журналы

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (орган атауы)

      Басталды:_____________

      Аяқталды:_____________

      Жол жүру журналын толтыру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      журналдың екі бетінің қайырылатын жерінде айдауыл бастығы титул мәтінін ресімдейді.

      (2-ші және одан кейінгі жұп беттері – қайырылатын жердің сол жағы)

Қабылдау күні

Қабылдау пункті (станция атауы, орган атауы)

Жеке іс нөмірі, жеке іс бойынша анықтаманы жасаған орган атауы

Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса,егер бірнеше болса, барлығын атап көрсету)

Туған жылы

Қай мерзімге сотталды және мекеме түрі (санаты)

ҚР ҚК-ның қай бабы бойынша сотталды немесе айыпталады

1

2

3

4

5

6

7

8









      (3-ші және одан кейінгі тақ беттері – қайырылатын жердің оң жағы)

Айдауылмен алып жүру үшін негіз (оларды шығарушы, нөмірі мен күні көрсетілетін нұсқау, наряд, бұйрық, өкім, қаулы)

Қайда және кімнің қарамағына жүреді (қала, станция, орган атауы)

Қайда тапсырылуға тиіс (станция, орган атауы)

Толық/ішінара тінту мен толық тексеруді кім жүргізді (атағы мен тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Тінту кезінде алынған ақша мен тыйым салынған заттар тізбесі, жол жүру кезеңінде ұсталған камера нөмірі

Айдауылдағы адамдарды және құжаттарды қабылдаған айдауыл бастығының немесе әскери полиция органы лауазымды адамының қолхаты

9

10

11

12

13

14








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады