"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына, Степногорск қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 28 шілдедегі № 7 хаттамасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Степногорск қаласына аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Қ.Н. Орынбасаровқа техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. "Степногорск қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Степногорск қаласының әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Қ.Н. Орынбасаровқа жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі | А.Қайыржанов |