Степногорск қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға жəне көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-9/5 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына, "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға жəне көмуге арналған тарифті есептеу əдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сəйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға жəне көмуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері (кәсіпкерлік қызметті жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын), арнаулы ұйымдар тарифтерді қолданыстағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкес және қажет болған жағдайда хабарлама және рұқсат беру құжаттарының болуын жүзеге асыратын қосымшада көрсетілген қызметтер (операциялар) түрлері бойынша ғана қолданылады.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы О.Жағыпаров

  Степногорск қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 8С-9/5 шешіміне
қосымша

Степногорск қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға жəне көмуге арналған тарифтер

Қызмет атауы (операциялар)

Есептік бірлік

Сома (қосылған құн салығын қоспағанда)

Жинау және тасымалдау

Жайлы және жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғыннан

263,51 тг.

Сұрыптау

Жайлы және жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғыннан

84,09 тг.

Көму

Жайлы және жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғыннан

110,06 тг.

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
Жайлы және жайлы емес үйлер

1 м³

3163 тг.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады