Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 3 шешімі. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 19 октября № 9 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің 19.10.2023 № 9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қауылысына сәйкес, Атбасар ауданының табиғи және техногендік төтенше жағдайларға қарсы іс-шаралар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қалалық жедел штабтың 2023 жылғы 29 маусымдағы № 7 хаттамасының негізінде ШЕШТІ:

      1. Атбасар ауданы, Сепе ауылдық округінің Есенкелді ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін, өзімді төтенше жағдайды жою басшысы етіп тағайындаймын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 7 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Сепе ауылдық округі әкімі М.Тасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады