Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына, Егіндікөл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 24 мамырындағы № 4 хаттамасына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Егіндікөл аудан аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Егіндікөл аудан әкімінің орынбасары Н. Т. Қамбатыров техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Егіндікөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Н. Т. Қамбатыровқа жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Мұхамедин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады